Экономика

Ұлттық банк Келімбетовті Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтарды

© Photo : Служба центральных коммуникацийҚайрат Келімбетов
Қайрат Келімбетов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық банк басқармасының қаулысымен БЖЗҚ директорлар кеңесіне Қайрат Келімбетов қайта оралды. Зейнетақы қорының басшылығы қандай да бір түсініктеме беруге асықпай отыр

АСТАНА, 8 маусым — Sputnik. Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы, ал қазір халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетовті Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры директор кеңесінің мүшелігіне бекітті. Директорлар кеңесіндегі бұл өзгеріс көпшілікті таңғалдырып отыр. 

"Біз де ақпаратты жаңа естідік, мән-жайын білмейіз. Бұл Ұлттық банк басқармасының қаулысы", — деді Sputnik Қазақстан тілшісіне телефон арқылы БЖЗҚ баспасөз орталығының жетекшісі Марина Ақмаева.  

Келімбетовтен басқа директорлар кеңесіне 

 

  • ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева;
  • акционер өкілі Руслан Бекетаев;
  • ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры Майраш Қозжанова кіреді. 

 

Тәуелсіз директорлар ретінде Бисенғали Таджияқов, Қадыржан Дамитов, Global Sovereign Advisors басқарушы серіктесі Борис Борозан және "БЖЗҚ" АҚ басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева бекітілді. Директорлар кеңесінен "АТФ-Банк" АҚ басқарма төрағасы Энтони Эспин шығарылды. 


Жаңалықтар
0