Свитер мен кофе

Сарапшы: желкөзі үйдегі жалғыз жылу реттеуіші болмауы тиіс

18
Жаңғырмалы энергия қауымдастығының басшысы Арман Қашқынбеков қазақстандықтарды энергетика мәселесінде үйлерінде жемпір киіп жүретін батыс елдерінен үлгі алуға шақырды

АСТАНА, 23 маусым — Sputnik. Жаңғырмалы энергия қауымдастығының басшысы Арман Қашқынбеков "жасыл" энергетиканы енгізуде көзқарасты тұрмыстық деңгейде өзгертуге шақырды. 

"Жасыл" экономика, "жел қозғалтқышы", күн (күн энергясы) бізді құтқармайды, панацея емес. Бұл жерде мәселе жаңа энерготиімді технологияларды мұнайда, газда, көмірде пайдалануда болып тұр. Тұрмыстық пайдалануда – қыста желкөзі үйдегі жалғыз жылу реттеуіші болмауы тиіс", — деді Қашқынбеков жұмада өткен Еуразиялық медиа форумда. Мысал ретінде ол еуропалық елдер мен Америка тәжірибесін келтірді. 

"Ол жақта газ колонкасы тұрады. Адамдар үйлерінде жемпір киіп отырады. Байлардың өздері де үнемдеп, отбасылық бюджетін есептеп жүреді. Бізді Кеңестік Одақ мемлекет есебінен өмір сүруге үйретіп қойды", — деп қосты бас директор. 

Мәселені шешу үшін, ол көзқарасты өзгерту қажеттілігін баса айтты. "Аға буынға өзгеру қиын екенімен келісемін. Бар үміт жастарда. Менің ойымша, БАҚ жастармен жұмыста жасыл экономиканың артықшылығын түсіндіруге көмектеседі", — деп түйді Қашқынбеков. 


18
Загрузка...