ақша

Қазақстанның қай өңірінде және қандай мамандықтардың жалақылары жоғары

292
(Жаңартылды 17:05 31.07.2017)
Қазақстанда ең жоғары жалақыны Маңғыстау облысының тұрғындары алады. Еліміз бойынша орташа жалақы 150 мыңға жуық

АСТАНА, 31 июл – Sputnik. Қазақстан бойынша жалақы рейтингін ұлттық экономика министрлігінде жариялады. Ведомствоның мәліметінше, елімізде ең жоғары жалақыны қаржыгерлер алады. 

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде – 315,3 мың теңге  (орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 253,2 мың теңге (1,7 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 222,4 мың теңге (1,5 есеге асты), өнеркәсіп саласында – 202,3 мың теңге (1,3 есеге асты), құрылыс саласында – 184,9 мың теңге (1,2 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді – 88,3 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 41,1%-ға төмен.

2017 жылғы 2 тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 149 951 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанына 104,4%, ал нақты жалақы индексі 97,1% құрады.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Маңғыстау облысында белгіленді – 253,9 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 103,1 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 31,3%-ға төмен.


292