Казкоммерцбанк, архивное фото

Кеңес Рақышев Қазком басқармасының төрағасы қызметінен босатылды

18
"Қазкоммерцбанк" АҚ-да жаңа директорлар кеңесі құралды

АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. "Қазкоммерцбанк" АҚ басқарма төрағасы Кеңес Рақышевтың өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі. 

"Қазкоммерцбанк" АҚ акционерлері жаңа директорлар кеңесін сайлады. "Қазақстанның Халық Банкі" АҚ ірі акционерінің кеңесі ескеріліп, "Казкоммерцбанк" АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамына үш жылдық мерзімге алты тұлға сайланды.

"Бұдан бұрын жиналыс барысында акционерлер директорлар кеңесінің төрағасы — Рақышев Кеңес Хамитұлы мырзаның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады", — делінген хабарламада. 

Қызметінен содай-ақ, мерзімнен бұрын директорлар кеңесі төрағасының орынбасары, тәуелсіз директор — Аханов Серик Ахметжанұлы мырза, Марк Хольцман мен Махат Рашит, Әбдуов Нұрлан босатылды. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Елемесов Асқар, Жолдасбеков Азамат, Дунаев Арман Банктің тәуелсіз директоры ретінде сайланды. Ал Қарпыкова Әлия ханым "Қазақстанның Халық банкі" АҚ акционерінің өкілі ретінде сайланды. 

Қазкомның жаңа директорлар кеңесіне Кішкімбаева Сәуле мен Ульф Вокурка кірді. 

Банк акционерлері сондай-ақ ҚКБ Директорлар кеңесінің жаңа мүшелері сыйақысының мөлшері мен төлемнің шарттарын қарастырып, бекітті.

"Акционерлер жиналысы күн тәртіптегі соңғы сұрақты, яғни банкпен "БТА Банк" АҚ-ы арасындағы мәміленің бекітілуін назарға алды. Аталған мәміле "Казкоммерцбанк" АҚ-ы Банкпен ерекше қатынастағы тұлғаларға (тұлғада) – "БТА Банк" АҚ-на ұсынылған (орналастырылған) активтерге қатысты талап ету құқығынан бас тарту шартын қарастырады", — делінген хабарламада.


18