Экономика

Кәсіпкер әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды тегін оқытады

© РИА Новости / Медиабанкке өтутігін
тігін - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үш топтағы мүгедектер, көп балалы аналар, есту және сөйлеу қабылеті төмен және жетімдер үйінің түлектерінің шеберханадан кәсіп меңгеріп, әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар

АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік кәсіпкер, "Green tal" шеберханасының жетекшісі Эмин Әскеров әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды тігін және ағаш цехтарында оқытып, үздіктерін жұмысқа қабылдайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

"Әлеуметтік жоба аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды тігін және ағаш цехтарында оқытып, үздік мамандарды жұмысқа қабылдаймыз. Екі жылдың ішінде шамамен 150-ге жуық азаматты оқытып,оның 20-ға жуығын әлеуметтік щеберханаға жұмысқа қабылдадық", — дейді кәсіпкер Эмин Әскеров.

"Green tal" шеберханасының жетекшісі Эмин Әскеров әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды оқытып, үздіктерін жұмысқа алады.

"Сонымен қатар алғаш рет менталды ауытқуы бар азаматтарды оқытып бастадық. Оның үшеуі тұрақты жұмыс тапты. Жақын күндері тағы біреуі орналасады. Менталды ауытқуы бар 90-нан астам адам жұмыс кезегінде тұр", — деді "Green tal" шеберханасының жетекшісі.

Аталған шеберхана кез келген әлеуметтік аз қамтылған әлсіз топқа жататын азамттарды тегін оқытуға дайын. 


Жаңалықтар
0