Экономика

Қазақстан "Абылайхан" және "Ит жылы" алтын монеталарын шығарды

© Sputnik / Ксения Воронинаалтын монеталар
алтын монеталар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Монеталар 100 және 500 теңгелік номиналмен шығарылды

АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 500 теңгелік "Шығыс күнтізбесі" монеталар сериясынан "Ит жылы" алтын және күміс ескерткіш монеталарын"Банкноталардағы портреттер" монеталар сериясынан "Абылай хан" алтын және күміс ескерткіш монеталарын және номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан монеталарды айналысқа шығарады. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген ақша белгісінің экрандағы суреті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҚР Ұлттық Банкі Елбасының суреті бейнеленген ақша белгісін шығарды

"Ит жылы" монеталарының сипаттамасы Монеталар он екі қырлы нысанда жасалған. Алтыннан және күмістен жасалған екі монетаның бет және сырт жағындағы бейнелері бірдей. Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символдары бейнеленген және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын  білдіретін жазу бейнеленген. Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте шығыс күнтізбесі бойынша 2018 жылдың символы – ит бейнеленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне "2018" ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде "ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ", орыс тілінде «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және ағылшын тілінде «ORIENTAL CALENDAR» деген сөздер ойып жазылған. Күңгірт жиектің ішкі жағына шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан. Монеталардың бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін, алтын және күміс монеталарда «500», нейзильбер қоспасынан жасалған монетада "100" деген сан және "ТЕҢГЕ" деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген, айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және орыс тілінде "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазу бар. Жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Абылай ханның портреті орналасқан 1993 жылғы үлгідегі 100 теңгелік банкноттың бет жағының бір бөлігі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде "АБЫЛАЙ ХАН" деген жазу, соғылған жылын білдіретін "2017" деген сан және банкноттан алынған графикалық элементтер бар. Номиналы 500 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

© Photo : пресс-служба Нацбанка РКПамятные монеты, выпущенные Нацбанком РК
Памятные монеты, выпущенные Нацбанком РК - Sputnik Қазақстан
Памятные монеты, выпущенные Нацбанком РК

"Ит жылы" ескерткіш күміс және алтын монеталары "Шығыс күнтізбесі" монеталар сериясын жалғастыратын сегізінші монеталар жұбы болып табылады. 2018 жылғы 16 ақпаннан бастап шығыс күнтізбесі бойынша ит жылы кіреді. Монеталардың дизайнында Алматы қаласының "Шығыс күнтізбесі" субұрқағының мүсіндік композициясының бейнелері пайдаланылды. Авторлары: мүсінші – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші-монументалист В. Твердохлебов А. Татариновпен және архитектор В. Кацевпен бірлескен авторлықта. Абылай ханның портреті 1993 жылғы үлгідегі 100 теңгелік банкноттың бет жағында бейнеленген болатын. Қазіргі уақытта банкнот айналыстан алынған. Ескерткіш монеталарды "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған. 


Жаңалықтар
0