Данияр Ақышев

Ұлттық банк төрағасы 2018 жылы инфляция деңгейі қандай болатынын айтты

108
(Жаңартылды 16:12 04.09.2017)
Ұлттық банк Қазақстанның 2018-2020 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамдарын дайындауға қатысты

АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев 2018 жылы инфляция деңгейі қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ұлттық банк үшін инфляция көрсеткішінің болжамы негізгі индикатор болып табылады. 2018 жылы инфляцияның нысаналы бағдары 5-7% деңгейінде анықталды. 2020 жылға қарай инфляцияны бірте-бірте 4% пайызға дейін төмендету жоспарлануда. Қарастырылып отырған кезеңде, яғни 2022 жылдың соңына дейін инфляцияның нысаналы бағдары осы деңгейде сақталады", — деді Ақышев үкімет отырысында.

Ұлттық банк алдағы жылдары инфляция орнықты болады деп болжап отыр.

"Ұлттық банктің болашақтағы инфляция мен инфляциялық күтулерген қатысты бағалауы бойынша шоктар болмаса инфляция нысаналы шекте орнықты болады", — деп атап өтті Ұлттық банк төрағасы. 

Оның айтуынша, Ұлттық банктің саясаты үкіметтің экономикалық өсім бойынша нысаналы өлшемдеріне қол жеткізуге әсер етеді.

"Атап айтқанда, базалық ставка экономикалық өсудің ұзақ мерзімді қарқынына сәйкес болады. Яғни, базалық ставканың нақты көрсеткіші төрт пайыздан жоғары емес деңгейінде белгіленетін болады. Бұдан,  біріншіден, теңгенің нақты бағамы отандық өндірушілердің бағаға бәсекеге қабілеттілігін сақтайды. Екіншіден, экономиканың кредиттік ресурстарға қолжетімділігі артады", — деді Ақышев.

108