Самарқан-Астана пойызы

ТМД т/ж компаниялары жолаушылардың өтініштері бойынша тасымалдарды тиімді етті

34
(Жаңартылды 16:12 04.09.2017)
ТМД елдері аумағында бірнеше темір жол бағыттары ұзартылып, пойыздардың қатынау кестесін қайта қарылды

АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Теміржол көлігі Одағының өкілетті өкілдері 2017-2018 халықаралық теміржол бағдары жолаушылар пойыздарының кестелерін келісті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ баспасөз қызметі.

"Достастыққа қатысушы елдердің теміржол көлігі әкімшіліктері халықаралық жолаушылар тасымалы бағдарына зор көңіл бөліп келеді. Ең алдымен, ТМД елдерінің астаналарын жалғау жайы, жолаушылар тасымалының қызмет сапасын көтеру, жолаушылардың ұсыныстарын орындау жайы қарастырылады", — дейді Тасымалдау үдерісін моделдеу департаментінің директоры Ерболат Назарбеков.  

ТМД теміржолшылары № 303/304 "Алматы – Екатеринбург", № 305/306 "Бішкек – Екатеринбург"  пойыздарының бағдарларын Қазан станциясына дейін жеткізуге уағдаласты. Сонымен қатар Өзбекстан теміржол әкімшілігі № 451/452 "Самарқан–Астана"  пойызын жасақтады.

Жолаушылардың сұранысы  бойынша 2017-2018 жылдары №1/2 "Рига –Мәскеу" халықаралық жолаушылар пойызының кестесіне Октябр темір жолының Идрица станциясында аялдайтын етіп өзгеріс енгізілді.

Темір жолдарын жөндеу
© Foto: АО "НК "Казахстан темир жолы"

Сондай-ақ, бірқатар пойыздардың жүру кестесіне өзгерістер енгізілді. Оның ішінде, № 94/93 "Минск–Одесса" жыл бойы, күн сайын,   № 360/359 "Калининград–Адлер"  жыл бойы, күнара,  № 1/2 "Алматы–Ташкент" жыл бойы, аптасына екі рет, № 809/810 "Минск–Вильнюс" көрсетілген мерзімде жүретін болды.

2017-2018 жылдары пойыз қозғалысы кестесі жасалып, 96 бағдар бойынша тоқтаусыз вагондар,  203 бағдарға тіркеме вагондар, 25 халықаралық бағдарға 27 пошта-багаж вагондары қосылды.

Кеңес қорытындысы бойынша ТМД-ға қатысушы елдердің теміржол әкімшіліктерінің өкілдері Хаттамаға қол қойды.


34