Тиындар

Сабырлық: Сүлейменов теңгенің тұрақтылығын қалай бағалау керек екенін айтты

35
(Жаңартылды 16:12 04.09.2017)
Қазақстан үкіметі 2018 жылы теңгенің долларға шаққандағы бағамы 340 теңге болады деген болжам жасады

АСТАНА, 31 тамыз — Sputnik. Қазақстанның ұлттық экономика министрі  Тимур Сүлейменов қазақстандықтарды ұлттық валюта бағамының уақытша ауытқуына назар аудармауға шақырады. 

Сейсенбі күні министрлер кабинеті 2018 жылға белгіленген курс болжамын жасады. Ол бойынша доллардың құны 340 теңге ретінде тіркелді. Осыдан кейін Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде алдынғы күндері 335 теңге болған доллар 338 теңге бағамымен сатылды.  Министрлік басшысы бейсенбі күні өткен баспасөз-конференциясында, баға өсіміне үкіметтің болжамы әсер етуі мүмкін дегенді жоққа шығарды. 

Сүлейменов: "Біз курсқа таргетинг жасамаймыз, инфляция таргетингке ұшырайды. Тиісінше, теңгенің кез келген шетелдік валютаға шаққандағы ара қатынасын нарықтық күштер анықтайды. Мен, мұнайға белгілеген баға негізінде біз жасаған болжам доллардың бүгінгі күні бағасына әсер етті деп айта алмаймын", — деді. 

Министрдің пікірінше, ұлттық валютаның тұрақтылығын жекелей алған баға өсіміне қатысты емес, керісінше оның біршама уақыттан бері біркелкі баға дәлізінде тұрғанына байланысты бағалаған дұрыс. Мұндай көзқарас тұрғысынан алғанда теңгенің жағдайы біршама тұрақты болып табылады.  

Ол: "Менің ойымша, бүгінгі күні орын алған бағаның ауытқуларына қатты көңіл бөлудің қажеті жоқ – олардың болуы заңды. Көріп отырсыздар, теңгені еркін айналымға жібергеннен бергі уақытта тұрақтылық сақталып келеді. Ең маңыздысы осы. Яғни, біз бұған көнуіміз керек, қазіргі уақытта күндер, апталармен ғана есептер жүргізбей, айлар, тоқсан, жарты жылдық және т.б. қарастыру керек ", — деп атап өтті.


35