Экономика

Бозымбаев бензинге қатысты жағдай бойынша үкімет басшысына тағы да есеп берді

Жазылу
Министр үкімет басшысын елдегі бензин тапшылығына байланысты жағдай осы аптада тұрақталады деп сендірді

АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев үкімет басшысына бензин тапшылығы мен бағасына қатысты жағдай бойынша есеп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысының күн тәртібіне кіріспес бұрын жанармай және көмірмен қамтамасыз ету  мәселесіне тоқталуды жөн көрді.  

"Өткен аптада мемлекеттік органдар мен әкімдер барлық мәселелер жуық арада шешіледі деп баршамызды  сендірген болатын. Осыған байланысты жауапты қызметкерлерден бірқатар мәлімет алғым келіп отыр", — деді премьер-министр. 

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензинге қатысты жағдайды тұрақтандыру үшін министрлік бірқатар шара қабылдағанын айтты.

Қанат Бозымбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бензин тапшылығының салдары: Назарбаев Бозымбаевқа сөгіс жариялады

"Бірінші, қазан айында Шымкент және Атыру зауыттарында мыналардың есебінен  АИ-92 бензинін өндіру көлемі 130-дан 165 мың тоннаға дейін ұлғайды: Шымкент зауытын мұнаймен барынша жүктеу 380-нен 490 мың тоннаға дейін ұлғайтылды және  екі зауытта да АИ-95 бензинін өндіруді  тоқтату есебінен АИ-92 бензині қосымша шығарылды. Екінші, Батыс Қазақстан облысында "Конденсат" АҚ-на жеңіл мұнайдың 20 мың тоннаға дейінгі көлемін қосымша жетізу ұйымдастырылып, соның арқасында осы айда  қосымша 4,5 мың тонна АИ-92 шығарылатын болады. Мұның барлығы 130 мың тоннаға жоспарланған АИ-92 өндірісін 170 мыңға дейінгі жиынтық өсімін береді, — деп баяндады министр. 

Сонымен қатар ол Ресейдің энергетика министрлігімен, бірнеше ірі мұнай компанияларының басшыларымен келіссөздер жүргізгенін және  РФ мұнай өндеу зауыттарынан 100 мың тоннадан астам АИ-92 бензинін жеткізу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілгенін атап өтті.  

"Аталған 100 мың тоннаның шамамен 50 мың тоннасы осы аптаның соңына дейін тиелетін болады. қалған көлемі айдың соңына дейін жеткізіледі. Айдың басынан бері АИ-92 бензинінің 34,6 тоннасы импортталды. Оның 10 мың тоннасы өткен демалыс күндері жеткізілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде АИ-92 маркасының жалпы жиынтығының қалдығы  кешегі күнге дейін елімізде 127 мың тоннаны құрайды. Бұл бірнеше күнмен салыстырғанда 10 мың тоннаға артық. Жалпы біздегі бензин қалдығы  елді 13 күн жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге болады. Бұл бензин барлық өңірлерге жетеді", — деді Бозымбаев. 

Айтуынша, қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірінде АИ-92 бензиніне тапшылық жоқ.

Жанармай бекеті - Sputnik Қазақстан
Экономика
Алматы әкімдігі қаладағы бензин жетіспеушілігін түсіндірді

"Мен бұл жерде ірі жанар-жағармай құятын ірі станцияларды айтып тұрмын. 2 жанар-жағармай бекетінде бензинді талонмен беру қалған. Олар алдағы бірнеше күнде бензинді еркін сатуға көшеді  деген ойдамын", — деп баяндады ол. 

Бұдан бөлек, министр мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмысқа тоқталды. 

"Бақытжан Әбдірұлы, өткен аптада мен мұнай өңдеу зауыттарындағы жаңғыртуды аяқтау бойынша министрлікке аудит жүргізуге тапсырма бердім. Павлодар мұнай өңдеу зауыты бойынша жөндеу жұмыстары жоспар бойынша жүргізілуде. Зауыт 26 қазан өз жұмысын бастайды. Ал қазан айының соңына дейін зауыт 65 мың тонна бензинді өңдейді. Тәулігіне 2,5 мың тонна АИ-92 бензинін шығарады", — деді Бозымбаев. 

Министр үкімет басшысын елдегі бензин тапшылығына байланысты жағдай осы аптада тұрақталады деп сендірді. 

"Осылайша, біз осы аптада бензин тапшылығына байланысты жағдай тұрақталады деп жоспарлап отырмыз. Осы аптаның соңына дейін нарыққа 50 мың тонна импортталатын бензин кіреді. Қазақстан бензинінің өңделуі есебінен ендігі аптада жағдай тұрақталады", — деп есеп берді министр. 

Ал бензин бағасын төмендету мәселесі қараша айында жеке қарастырылмақ. 

"Баға саясатына қатысты тоқталайын. Елімізде ресейлік бензиннің үлесі артып жатқаны белгілі. Бірақ қараша айында бензин бағасын төмендету мәселесін жеке қарастырамыз", — деді Бозымбаев.

Жаңалықтар
0