Экономика

Астана мен өңірлерді газбен қамтамасыз етуге триллион теңге қажет

© Photo : Steve Buissinne Газ
Газ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның Премьер-министрі Астана мен басқа өңірлердің қашан газбен қамтамасыз етілетініне қатысты жауап берді

АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Еліміздің солтүстік өңірлері мен Астананы газбен қамтамасыз ету үшін, алдын ала есептеулерге сәйкес триллион теңгені қажет. Оның ішінде 600 миллиард теңге газды тарату желілерінің құрылысына жұмсалады, деп хабарлады премьер-министр Бақытжан Сағынтаев.  

 Мәжіліс депутаты Александр Суслов 2018-2020 жылға белгіленген республикалық бюджет туралы заң жобасын талқылау кезінде Бақытжан Сағынтаевқа Астананы газбен қамтамасыз ету жобасын жүзеге асыруға қатысты сауал қойды. 
Үкімет басшысы бастапқы кезде бұл мәселе Ресей Федерациясы аумағынан өтетін жолмен Қарталы-Тобол-Көкшетау-Астана бағытымен, одан кейін Көкшетаудан Петропавл бағытына жүргізу қарастырылып, жалпы есебі де жасалғанын еске салды. Мұндай жағдайда Қазақстан ресейлік газға тәуелді болып қалатын еді. Мәселе талқыланып жатқан кезде, Бейнеу-Бозой-Шымкент бағытындағы магистральді газ құбырының құрылысы жасалды. Осы кезде еліміздің батыс өңірінен солтүстікке қарай газ тарту жайында тапсырма берілді. 
"Осыған байланысты Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана, одан кейін Астанадан Көкшетау-Петропавл бағытында жүргізілетін Сарыарқа магистральді газ құбырының құрылысына қажетті есептеулер жасалды. Оның жалпы сомасы 370 миллиард теңгені құрайды. Бұл өте үлкен қаражат, соған сәйкес ендігі кезде қаржыландыру көздерін қарастырып жатырмыз", — деді Сағынтаев, депутаттың сұрағына жауап беріп. 

Жаңалықтар
0