Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы көліктер

Қырғызстанның тасымалдаушылары еліміздің көлік заңнамасын жиі бұза бастады

101
(Жаңартылды 21:36 03.11.2017)
Қазақстанда көлік заңнамасын бұзу фактілері жиілеп кетті

АСТАНА, 2 қараша — Sputnik. Соңғы уақытта Қырғызстан тасымалдаушыларының Қазақстанның көлік заңнамасын бұзу фактілері жиілеп кетті, деп хабарлайды ҚР Инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметі. 

Министрлік хабарлағандай, бір тәулікте, яғни 1 қараша мен 2 қараша аралығында 149 қырғыз көлігін тексеру кезінде 16 заңбұзушылық анықталған. 

"Атап айтқанда, халықаралық қатынаста тез бүлінетін жүктерді тасымалдауға сертификаттың болмауы, тауар-көлік құжатының (CMR) болмауы, жүк габариттерінің параметрлерін бұзу секлді фактілер анықталды", — делінген хабарламада. 

Айыппұл мен алымдардың мөлшері 152 мың 303 теңгені құрады. 

Министрлік заңбұзушылықтар бойынша ақпараттың Қырғызстанға жеткізілгенін хабарлады. 

101