Экономика

Назарбаев: елдегі кен орындарын өзіміз игерсек, байлығымыз арта түседі

© Photo : Официальный сайт президента Республики КазахстанНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Индустрияландыру бағдарламасы аясында бүгін жаңа кәсіпорындар ашылады

АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik.  Ұлттық телекөпір барысында президент Нұрсұлтан Назарбаев алтын өндіру фабрикасын іске қосты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алтын - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ұлттық телекөпір: Назарбаев бүгін жаңа өндіріс ошақтарын іске қосады

Ұлттық телекөпір барысында "Қазақалтын Технолоджи" компаниясы Ақсу ауылында алтын өндіру фабрикасын іске қосты. 

"Бұл өте үлкен және қажет жоба. Қазақстанда тек энергетикалық шикізаттар ғана емес, басқа байлықтар да жеткілікті. Соның ішінде алтын осы күні біздің валютаның негізі болып отыр. Қазақстанда 150-ден артық кен орны бар. Соның бәрін игеретін болсақ, өзіміздің компаниялар игеретін болса, еліміздің байлығын одан әрі арттырамыз. Зауытта төрт тонна алтын шығарылмақ, бұл үлкен өндіріс болып саналады", — деген мемлекет басшысы қазақстандықтарды жаңа өндіріс орнының ашылуымен құттықтады. 

Жалпы, ұлттық телекөпір барысында  индустриалды-инновациялық, инфрақұрылымдық, энергетикалық, агроөнеркәсіптік 25 жаңа өндіріс ошағы іске қосылады деп жоспарланған.

Жаңалықтар
0