Экономика

Қазақстанда Қарулы күштерге арналған броневиктер шығарылды

© Photo : пресс-служба Министерства оборонной и аэрокосмической промышленностиБроневик
Броневик - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда Қарулы күштерге арналған броневиктер өндірісі жолға қойылды

АСТАНА, 7 желтоқсан — Sputnik. "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" отандық кәсіпорыны "Plasan" израилдік компаниясымен бірігіп "Алан" атты броневиктер өндірісін шығарды, деп хабарлайды қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Қарулы Күштері Іздестіру-2017 оқу-жаттығуына қатысты - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстан Қарулы Күштері "Іздестіру-2017" оқу-жаттығуына қатысты

"11 адамға арналған броневик STANAG 4569 стандартының үш қорғаныс деңгейі талаптарына сай келеді. Жасалынған материалдары жеңіл, қосымша қорғаныс көліктің массасына, броневик қызметінің өнімділігіне әсерін тигізбейді", — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, "Алан" броневигі әртүрлі мақсатта қолданыла алады: барлау көлігі ретінде, командалық-штабтық көлік ретінле, әртүрлі қару-жарақпен қамдалған жедел қызмет күштеріне арналған көдік ретінде. 

"Алан" броневигінің алғашқы партиясы Қазақстан Республикасының Қарулы күш ведомстволарының тапсырысы аясында сәтті түрде өндіріліп шығарылды", — делінген баспасөз қызметінде.  


Жаңалықтар
0