Төлқұжат

Қазақстанда төлқұжат алу қаншалықты қымбаттайды?

613
(Жаңартылды 12:28 29.12.2017)
Жеке куәлік пен жүргізуші куәлігін алған кездегі мемлекеттік баж көлемі сол қалпы өзгермейді

АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанда 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді, ондағы жаңа өзгерістің бірі төлқұжат алу кезіндегі мемлекеттік баж көлемінің артуы болып отыр.

1 қаңтарға дейін төлқұжат алу бағасы төрт айлық есептік көрсеткіш тұрады немесе 9076 теңге (1 АЕК 2017 жылы – 2269 теңге).

Салық кодексінің 615-бабына "Өзге әрекеттер орындау үшін мемлекеттік баж мөлшерлемелері" сәйкес, қазақстандық төлқұжат алу үшін 8 АЕК, яғни 19 240 теңге төленуі тиіс (2018 жылы 1 АЕК – 2405 теңге).

Қазақстан азаматының жеке куәлігін алу үшін жаңа Салық кодексі бойынша бұрынғы баж көлемі тағайындалды – 0,2 АЕК (2018 жылы 481 теңге).

Жүргізуші куәлігін алу үшін де қызмет көрсетулер құны өзгермейді – 1,25 (2018 жылы 3006 теңге).

613
Инвестиция, архивтегі фото

"Соңғы 100 жылда болмаған": Экономика министрлігі жағдай қалай өзгеретінін болжады

518
Алдағы уақытта қызмет көрсету саласы бірте-бірте қарқын ала бастайды. Қазақстан жыл соңына қарай біршама оң көрсеткішке қол жеткізеді

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев биыл экономикалық жағдайдың қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір бес айдың қорытындысы бойынша қызмет көрсету саласы 6,2 процентке төмендеді. Ал тауар өндіру динамикасы сақталып отыр. Осы саладағы өсім 4,8 процентті құрайды. Бұл – нақты көрсеткіштер", - деді Такиев онлайн брифингте.

"Ол кезде мені қолдамады": Тоқаев 12 жыл бұрынғы болжамы дәл келгенін айтты 

Вице-министр төтенше жағдаймен салыстырғанда екі апталық карантиннің жеңілдіктері басым екенін де ерекше атап өтті. Себебі бірқатар нысан жабылмай, өз жұмысын жалғастырып жатыр. Ал салық жеңілдіктері қараша айына дейін сақталады.

"Жалпы, алдағы уақытта қызмет көрсету саласы бірте-бірте қарқын ала бастайды. Өндірістік сектордың жоғары динамикасы сақталуда. Сондықтан жыл соңына қарай біз біршама оң көрсеткішке қол жеткіземіз деген болжам бар", - деп атап өтті Такиев.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде әлемдік экономика қатты қысқарып жатыр. Ондай жағдай соңғы 100 жылда болмаған. Оған коронавирус пандемиясы, сауда соғыстары, протекционизм мен энергия ресурстарының төмен бағасы кері әсерін тигізді. Осыған байланысты сәуірдің басында экономикалық болжам нақтыланып, республикалық бюджетке өзгерістер енгізілді.

518
Кілт сөздер:
Қазақстан, экономика
Тақырып бойынша
Тоқаев: экономиканы әртараптандыру үшін жаңа реформаларды жүзеге асыру қажет
Мемлекет басшысы азық-түлік бағасына қатысты тапсырма берді 
Карантиннен зардап шеккен кәсіпкерлер банкке өтініш бере алады
Қазақстанда "Цифрлық білім" бағдарламасы іске қосылады
Тоқаев "Астана" қаржы орталығының артықшылығын атады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев "Астана" қаржы орталығының артықшылығын атады

57
(Жаңартылды 18:18 08.07.2020)
Мемлекет басшысының айтуынша, халықаралық қаржы орталығы Қазақстанның инвестициялық бағдарламасының тиімді жүзеге асуына атсалысады

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) сотының жаңадан тағайындалған төрағасы Лорд Манстың ресми ант беру рәсіміне онлайн форматта қатысты, деп хабарлайды Ақорда сайты.

Мемлекет басшысы өз сөзінде, Қазақстан халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи, кәсіби және тәуелсіз сот жүйесін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Осы орайда тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен "Астана" халықаралық қаржы орталығының сотын құру арқылы еліміз сот жүйесіндегі құрылымдық реформаларға бейілді екенін тағы бір мәрте анық айқындап отыр.

Сондай-ақ, Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының соты Қазақстанда жұмыс істеп жатқан немесе елімізге келуді жоспарлап отырған инвесторларға әлемдегі барлық ірі қаржы орталықтарындағыдай лайықты соттармен, сот процесстерімен, тәжірибесімен және стандарттарымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретініне тоқталды.

"Жалпы құқық бойынша тәжірибелі соттар өздерінің бейтараптылығымен, әділдігімен және бармақ басты, көз қыстыға көнбейтіндігімен танымал. Сондай-ақ олар сот жүйесінің тұрақтылығы мен құқық бұзылмауының кепілі", – деді президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, пандемия мен мұнай бағасының құлдырауынан туындаған қазіргідей дағдарыс кезінде ел экономикасын қайта қалпына келтіру жұмысында, инвестиция тарту барысында "Астана" халықаралық қаржы орталығының маңызы арта түскен. 

"АХҚО сенімді қаржылық платформа ұғымының синониміне айналып, шетелдік инвесторлардың Қазақстанға деген сенімін арттыруы керек. Өз кезегінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының маңызды бөлігі ретінде қаржы орталығының тәуелсіз сот жүйесінің жалпы құқық бойынша сотына АХҚО-ның қызметінде ерекше рөл атқарады. Соған сәйкес Қазақстанның инвестициялық бағдарламасының тиімді жүзеге асуына атсалысады", – деді мемлекет басшысы. 

Оқи отырыңыз: Пандемия дәстүрді бұзды – Тоқаев Астана күніне арналған шараға бармады

Шара соңында Қазақстан президенті Лорд Вульфке қаржы орталығының сот жүйесін құру барысында сіңірген еңбегі үшін алғыс айтып, Лорд Мансқа АХҚО сотының төрағасы ретіндегі жұмысына табыс тіледі.

57
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, "Астана" қаржы орталығы
Тақырып бойынша
Қазақстанда Назарбаевқа ескерткіш ашылды: Тоқаев сөз сөйледі
Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
"Бұған жол беруге болмайды": Тоқаев жұртты алаңдатқан мәселе туралы айтты
Тоқаев Назарбаевты қалай құттықтады – фото
Тоқаев ел азаматтарын дүрбелеңге салынбауға шақырды
Дәрі-дәрмек

Денсаулық министрі дәрілік шөптерді ішуге кеңес берді

0
Министрдің айтуынша, жоғары температурада антибиотиктерді қабылдағанда вирустар мен бактериялар қатты дәріге тез үйренеді. Салдарынан ауру асқынғанда антибиотиктер көмектеспеуі де мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой антибиотиктерді алдын ала қабылдамау қажеттігін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі кезде үйде емделетіндердің көбісі бірден антибиотик ішуді бастайды. Бұл – үлкен қателік. Олай істеген дұрыс емес. Егер дене қызуы 38 градусқа дейін көтеріліп немесе үш күн бойы жоғары температура түспесе, қызуды басатын дәрілерді қабылдаған дұрыс, сан алуан шөптерді ішуге болады. Суды көбірек ішіңіз", – деді Цой бүгінгі онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, антибиотиктердің кері әсері қатты. Ал ең бастысы, дүрбелеңге салынбау қажет.

"Қызуды басатын дәрілерді де тек 38 градустық температура болса ғана ішу керек. Оған дейін адамның ағзасы вирустармен және бактериялармен өзі күреседі, Негізі, жоғары температура болмаса, иммунитет ауруды өзі жеңе алады. Ал антибиотиктерді тек дәрігерлердің нұсқауымен ғана қабылдау қажет", – деп атап көрсетті Цой.

Осы орайда министр антибиотиктердің кері әсеріне тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, адамдар жоғары температура болмаса да, антибиотиктерді қабылдауды бастайды. Ондайда вирустар мен бактериялар қатты дәріге тез үйреніп қалады. Соның салдарынан ауру асқынғанда антибиотиктер көмектеспеуі де мүмкін.

Оқи отырыңыз: Президент дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі қай кезде шешілетінін айтты

"Бүгінде біз арнайы нұсқаулықтарды әзірледік. Оны министрліктің ресми сайтынан табуға болады. Сол жерде амбулаториялық деңгейде, яғни үйде емделу тәртібі жазылған. Міне, осы ақпаратты пайдалану қажет", – деді Цой.

0
Кілт сөздер:
емделу, дәрі
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Тоқаев дәрі-дәрмек туралы: импортқа тым тәуелдіміз
Нұр-Сұлтанда қарт адамдарға дәрі-дәрмек үйге жеткізіліп жатыр
Ресейлік дәрі-дәрмек пен медтехника қазақстандықтарға аурудан айығуға көмектеседі
Нұр-Сұлтан дәріханаларында дәрі-дәрмек сатуға лимит қойылады
Шымкент әкімі дәрі-дәрмек сатып алуға қатысты кеңес берді