Экономика

Шетелдік әуе компаниялары дабыл қақты: Қазақстанда баға күрт өсіп кеткен

© Sputnik / Серикжан КовланбаевАлматы әуежайы
Алматы әуежайы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
British Airways, Air Baltic, Czech Airlines, "Победа" лоукостер авиакомпаниялары Қазақстанға рейсті тоқтатты

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Халықаралық әуе тасымалдаушылар Қазақстанда әуежай тарифтерін мемлекет тарапынан реттеуді сұрап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында халықаралық әуе компаниялары дабыл қақты. Әуе тасымалдаушылары Қазақстанда әуежай қызметтерінің бағасы күрт өсіп кеткеніне наразы. 

Астана әуежайы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада әуежай тұрағының тарифтері төмендейтін болды
"Өткен жылдың маусымында халықаралық рейстерге бағаны мемлекеттік реттеу тоқтатылды. Соның салдарынан Қазақстанда халықаралық рейстер үшін әуежай тарифтері едәуір өсіп кетті. Авиаотынның қымбаттауымен қоса, 2 шетелдік әуе компаниясы рейстерді тоқтатты, тағы бірнешеуі ұшу жиілігін қысқартып жатыр", — деді Орталық Азия бойынша ИАТ өңірлік менеджері Джордан Карамалаков. 

Тарифтің өсуінен бірнеше шетелдік авиакомпания Қазақстан нарығынан кетуге мәжбүр болған. 

"Соңғы жылдар ішінде Austrian Airlines, Asiana, KLM сияқты әуе компаниялары Астанаға рейстерін тоқтатты. Таяуда LOT авиакомпаниясы рейс санын қысқартты. Астанаға өткен жылдың жазында ұша бастаған Finnair екі айдан соң рейсті тоқтатуға мәжбүр болды. British Airways, Air Baltic, Czech Airlines және "Победа" лоукостер де Қазақстанға ұшуын тоқтатты. Мұның бәрі экономикалық проблеманың бар екенін көрсетеді", — дейді "Эйр Астана" авиакомпаниясының қаржы бойынша атқарушы директоры Ибрахим Жанлыел. 

Оның айтуынша, бірнеше әуежайы бар ірі қалаларда тарифтің мемлекет тарапынан реттелмейтінін түсінуге болады. Ал тек бір ғана әуежайы бар қалаларда бұл ақылға қонымсыз нәрсе. 

ұшақ - Sputnik Қазақстан
Экономика
Екі қазақстандық әуе компания Еуропаға ұшуға рұқсат алды
"Астанада тек бір әуежай барын ескерсек, тарифті реттеуді алып тастаудың не мақсатпен жасалып отырғанын түсіну қиын. Мұндай саясат бірнеше әуежайы бар қалаларда өзін-өзі ақтайды. Мәселен Мәскеу мен Лондон, бұл шаһарларда бес-алты әуежайдан бар", — дейді Жанлыел. 

Оның айтуынша, Астана халықаралық әуежайының басшылығы тарифті көтеру арқылы әуе компаниялар тап болатын экономикалық проблемаларды елемей отыр. 

"Егер кейбір авиакомпания рейсті ұлғайтуға қатысты жоспарын кейінге қалдырса, еш таңғалмаймын. Десек те біз қиындықтарға қарамастан Астананы еуразиялық хаб ретінде дамыту бойынша өз міндеттемелерімізді орындауды жалғастыра береміз. Әуежайлар өздері монополист болып табылатын облыстарда бағаны өздігінен басқара алмайтынын көрсетті. Шетелдік әуе компанияларымен консультациялар жүргізілген жоқ, келісілген жоқ. Соның кесірінен олар әуе компанияларын Қазақстаннан кетуге мәжбүрлеп отыр", — деді ол. 

Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстан мен Өзбекстан арасында күнделікті ұшақ қатынайтын болды
Әуе тасымалдаушылардың айтуынша, Ресей, Қытай секілді көршілес елдерде әуежай басшылығы авикомпанияларға жеңілдік қарастырылған маркетингтік бағдарлама ұсынады. Яғни тасымалдаушыларға авиабағдарларды сақтауға көмектеседі. Ал Қазақстанда бәрі керісінше, тарифтер жиі көтеріледі. Мұның соңы билет бағасының өсуіне әкеп соғуы мүмкін, дейді олар. 

"Халықаралық әуе компанияларымен бағаның өсуі бойынша консультациялар өткізілген жоқ. Сондықтар ұлттық экономика, инвестициялар және даму министрліктерінен бұйрықтың күшін тоқтатып, әуежай қызметтерін реттелетін қызметтер тізіміне қайтаруды сұраймыз. Қалған авикомпаниялар Қазақстанға рейстерін тоқтатпай тұрғанда тарифті реттеуді дереу қайтару керек", — деді әуе тасымалдаушылардың өкілдері.

 

 

 

Жаңалықтар
0