ЕАЭО

Сенат ЕАЭО-ға Қырғызстанның қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы заңды қабылдады

46
(Жаңартылды 18:50 03.03.2018)
ЕАЭО туралы шартқа Қырғызстаның қосылуы жөнінде хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын сенаторлар бірауыздан қолдады

АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Сенатта ЕАЭО туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы жөнінде жекелеген ережелерді қолдану туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Аталған заң жобасы бойынша Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндама жасады. 

"Халықаралық шарттар туралы заңға сәйкес xаттама ратификациялануы тиіс. Хаттамаға қол қойылғанға дейін Қазақстан, Ресей, Армения нормативтері 7,11 %, 85,32 %, 1,11 %-ды құрады. Баждарды бөлу бойынша бірыңғай тәсілдемені қамтамасыз ету мақсатында одақтағы мемлекеттердің басшылары кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтерін қайта қарау туралы шешім қабылдады", — деді министр. 

Сүлейменов бірнеше қағидаттарды атап көрсетті.

Еуразия экономикалық одағы елдерінің тулары
© Sputnik / Болат Шайхинов

"Бірінші, Қазақстан, сонымен қатар, Армения Республикасының одақтың бірыңғай кедендік тарифінен  ауытқуларын есепке алмау; екінші, Армения Республикасының нормативтерін алуларды есепке алмай, 0,11 %-ға Қазақстан мен Ресей нормативтері есебінен қайта есептеу. Берілген принциптерді ескере отырып xаттамаға одақ мемлекеттерінің басшылары Армения Республикасы – 1,22 %; Беларусь Республикасы – 4,56 %; Қазақстан Республикасы – 7,055 %; Қырғыз Республикасы – 1,9 %; Ресей Федерациясы – 85,265 % нормативтермен қол қойды. Хаттаманы іске асыру кедендік әкелу баждары сомаларын бөлу нормативінің азаюына байланысты шартты республикалық бюджет шығындары болжанып отыр. 2018 жылы – 1,9 млрд теңге, 2019 жылы 2 млрд теңгені құрайды. Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысы бар. Осылайша хаттаманы ратификациялау  мен жүзеге асыру бірыңғай тәсілдеме және баждарды одаққа мүше елдерінің бюджеттеріне тұрақты түрде бөлініп есептелуді қамтамасыз етеді", — деді ол. 

Заң жобасын сенат депутаттары бірауыздан қолдады.

46
Кілт сөздер:
ратификациялау, ЕАЭО, Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, Қырғыз Республикасы
Загрузка...