Супермаркет

Қазақстанда қандай азық-түлік қымбаттады?

154
(Жаңартылды 18:50 03.03.2018)
Өткен айда бағаның күрт өсуі болған жоқ, негізінен маусымдық емес азық-түлік қана қымбаттаған

АСТАНА, 2 наурыз  — Sputnik. Қазақстанда жеміс-жидек пен көкөністің бағасы артты, деп хабарлайды Energyprom.kz мониторингтік агенттігі.

Қымбаттады
Сүт комбинаты, архивтегі фото
© Sputnik / Алексей Мальгавко

Өткен айда қияр 9,1%-ға қымбаттаса, қызанақ —8,9 %-ға. Отандық базарларда орамжапырақтың (5,4%-ға), пияздың (3,9%-ға), сәбіздің (2,6%-ға) және картоптың (2,3%-ға) бағалары өскені байқалады.

Жеміс-жидек бөлімінде де прайс біршама өзгерді. Банан 3,6%-ға қымбаттаса, алма – 1,2%-ға.

Бұлармен салыстырғанда сүт тағамдарының бағасы әлдеқайда тұрақты — қаймақтан жасалған спредтің құны 1,8%-ға артса, ірімшік небәрі 1%-ға қымбаттаған.

Маргарин (+1,1%) мен арақтың (+1,1%) да бағаларында сәл өзгеріс бар. Ал шошқа еті 1%-ға қымбаттады.

Арзандады

Қазақстанда қыстың соңына қарай цитрус жемістердің бағасы аздап төмендеді. Апельсиннің құны 0,9%-ға және лимон 0,4%-ға арзан тұрады.

Қазақстандықтар төмендетілген бағамен қарақұмық (- 4,6%), бұршақ (- 0,5%), тары (- 0,2%), сонымен бірге күріш (- на 0,1%) сатып алған.

Ал тауық еті, тауықтың саны мен жұмыртқа бағасы тиісінше 0,1%, 0,9% және 2,1%-ға төмендепті. Майшабақ та 0,1%-ға арзандаған. 

Макарон 0,3%-ға, ұн 0,1%-ға, шәй мен тұз — 0,2%-ға арзанырақ болды.

154
Кілт сөздер:
баға, жеміс-жидек, көкөністер, азық-түлік
Загрузка...