Экономика

Энергетика вице-министрі мен бірқатар шенеунік парамен ұсталды

Жазылу
Энергетика саласының шенеуніктері Щучинск-Бурабай демалыс орнындағы көлдерді тазалау барысында қаражат қымқырды деген күдікке ілінді

АСТАНА, 2 наурыз — Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы энергетика вице-министрі Ғани Сәдібековті ұстады. 

"Энергетика вице-министрі Сәдібеков "Аймақ" ЖШС мердігерлік ұйымы басшысы Д. Дуанбекпен сыбайласып, Щучинск-Бурабай демалыс орнындағы көлдерді тазартуға бөлінген бюджеттік қаражатты ірі көлемде қымқырған. Қылмыстық схемаға Энергетика министрлігі департаментінің басшысы Жан Нұрбеков пен мердігер өкілдері Жұмалинов С. және Кәдірберлин Б. қатысқан", — делінген ұлттық бюро хабарламасында.

Ведомство хабарлағандай, Сәдібеков қол қойған жалған актілерге сәйкес энергетика министрлігі 2017 жылы атқарылған жұмыстардың ұлғайтылған көлеміне 3,6 миллиард теңге төлеген.

Бұл соманың миллиардтан астам бөлігі қымқырылған, ақша тінту шаралы барысында табылды.

Бұдан бөлек, ұлттық бюро 2018 жылы көлдерді тазартуға бөлінген 1,5 миллиард теңге қымқырудың алдын алған.

Сәдібеков, Нұрбеков, Дуанбек, Жұмалинов пен Кәдірберлин ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтар
0