Экономика

Елбасы 2022 жылға дейін жатақхана тапшылығын жоюды тапсырды

© Sputnik / Егор Алеев / Медиабанкке өтуСтуденттер жатақханасының архивтегі фотосы
Студенттер жатақханасының архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасының үшінші бастамасы жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын көтеру және студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге қатысты болды

АСТАНА,  5 наурыз – Sputnik. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2022 жылға дейін кемінде 25 мың орындық жатақхана салуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тұрғын үй құрылысы - Sputnik Қазақстан
Экономика
Назарбаев жаңа тұрғын үй бағдарламасын ұсынды
"Бүгінде еліміздің жоғары оқу орындарында 530 мыңнан аса жас білім алады, олардың шамамен 30 пайызы мемлекет бөлетін грант бойынша. Жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін мынадай шараларды ұсынамын: 2018-2019 жылы жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша тағы 20 мың грант бөлу. Оның 11 мыңы, қажет болса одан да көп, техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды оқытуға бөлінсін. Бұл төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңа экономикада сұраныс болатын мыңдаған маманды даярлауға мүмкіндік береді. Ең алдымен, бұл тұста ақпараттық технологиялар, робототехника және нанотехнология саласындағы мамандар, инженерлер туралы сөз болып отыр", — деді президент парламент палаталарының бірлескен отырысында. 

Назарбаев барлық жоғары оқу орнында грант құнын ұлттық жоғары оқу орындары гранттарының деңгейін жеткізуді тапсырды.

"Барлық жоғары оқу орнында техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша грант құнын ұлттық жоғары оқу орындары гранттарының деңгейіне дейін көтеру керек. Бұл шаралар орта мектеп түлектерін жоғары біліммен қамту деңгейін ұлғайтуға септігін тигізеді. Бұл адам ресурстарына, яғни білімге құйылған инвестиция. Бір жағынан, әлемдік стандарттар бойынша білім жүйесін құру кезінде біз студенттерді оқыту мен олардың өмір сүру жағдайына назар аударуымыз керек. Өйткені, бәрімізге белгілі, басқа қаланың жастары қаланың шетіндегі ескі үйлерді жалдауға мәжбүр. Осыдан кейін қандай сапалы білім алу туралы сөз болуы мүмкін", — дейді Елбасы. 

Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін президент жоғары оқу орындарына еуропалық компаниялармен бірлесіп жатақхана салуды тапсырды. 

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Президент парламент пен үкіметті не үшін жинағанын айтты
"Бүгінде колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету өте өзекті мәселе. Мұны шешу үшін колледждер мен жоғары оқу орындары мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында девелоперлік компаниялармен жатақхана салу жұмысын жолға қоюы керек. Мемлекет өз тарапынан білім және ғылым министрлігі арқылы жатақхана құрылысына жұмсалған инвестицияның бір бөлігін біртіндеп өтеуге кепілдік береді. Осы орайда 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 25 мың орындық жатақхана салуды тапсырамын. Бұл алдағы жылдары өсе түсетін сұранысты ескергеннің өзінде жатақхана тапшылығын біржола жоятын болады", — деді Назарбаев.


Жаңалықтар
0