Экономика

"7-20-25": Комитет төрағасы пәтер алғандар айына қанша төлейтінін айтты

© Sputnik / Юрий Куйдин / Медиабанкке өтуӨскемендегі тұрғын үй орамы
Өскемендегі тұрғын үй орамы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы ұсынған жаңа бағдарламаға сәйкес, несие өсімінің мөлшерлемесі жылына 7 проценттен, бастапқы жарнасы 20 проценттен аспайды. Несие мерзімі – 25 жылға дейін

АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. ҚР ИДМ Құрылыс ісі және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов жаңа бағдарламамен баспана алатындар ай сайын банкке қанша төлеп тұратынын есептеп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Әйел есікті ашып жатыр - Sputnik Қазақстан
Экономика
Банктердің "7-20-25" бойынша ипотекалық кредитті қашан бере бастайтыны белгілі болды

"Егер пәтер 7 миллион теңге тұрса, кредит сомасы 5 миллион 600 мың теңгені құрайды. Ай сайынғы төлем 40 мың теңге шамасында. 20 миллион теңгенің пәтері болса, алғашқы жарна – 4 миллион теңге. Кредит сомасы – 16 миллион теңге. Ай сайынғы төлем 113 мың теңге. Пәтер 15 млн теңге тұрса, кредит сомасы 12 миллион, отбасы ай сайын 84 мың теңге төлеп тұрады. 12 миллион теңгенің пәтері болса,  кредит сомасы 9 миллион 600 мың.  Ай сайынғы төлем  68 мың теңгені құрайды", — деді Жайымбетов президенттің "бес әлеуметтік бастамасын іске асыру" жөнінде өткен дөңгелек үстелде. 

Комитет төрағасы "7-20-25" бағдарламасы іске қосылғаннан кейін, құрылыс пен кредит көлемі артатынын атап өтті. 

"Барлық өңірде құрылыс салынады. Тұрғын үйге қатысты тапшылық болмайды",- деді ол.

Жаңалықтар
0