Экономика

Маңғыстау облысында 50 млрд теңгеге су тұщыту зауыты салынады

© Photo : Служба центральных коммуникаций при президенте РКЖеңіс Қасымбек
Жеңіс Қасымбек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республика бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті түрлі формада енгізу бойынша 33 пилоттық жоба іріктелді

АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Маңғыстау облысында құны 50 миллиард теңгені құрайтын су тұщыту зауыты салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкімет отырысында инвестициялар және даму министрі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы жобаларды іске асыру туралы баяндады.

Жылдам әзірленетін кеспе зауыты - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Петропавлда жылдам әзірленетін кеспе зауыты ашылды

"Министрлік аймақтармен, Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесе отырып, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын кезең-кезеңмен іске асыру моделін ұсынады. Барлық аймақта МЖӘ түрлі формада енгізу бойынша 33 пилоттық жоба іріктелді. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы маңызды жобалардың бірі – құны 50 миллиард теңге болатын Маңғыстау облысындағы су тұщыту зауытының құрылысы", — деді Қасымбек үкімет отырысында. 

Сонымен қатар, оның айтуынша, Қызылорда облысы әкімдігі мен "Қызылорда су жүйесі" МҚК балансындағы Қызылорда қаласы су жабдықтау және су  бұруды бұдан әрі сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру пысықталуда. 

"Пилоттық жобаларды сәтті іске асыру бұл тәжірибені коммуналдық шаруашылықта, барлық секторда қолдануға мүмкіншілік береді, салаға жеке инвестиция тартады. Осыған байланысты әкімдіктер инвестиция тарту бойынша жұмысты жандандыру тиіс және биылғы жылдың соңына дейін тұжырымдама туралы келісімге қол қойып, іріктелген жобаларға қатысты тисті шарттар жасауы керек",- деді министр.


Жаңалықтар
0