Экономика

Қазақстанда бензин арзандауы мүмкін

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтужанармай құю бекеті, архив
жанармай құю бекеті, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірақ энергетика министрі бензиннің қаншаға арзандауы мүмкін екенін айтпады

АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев елімізде  бензиннің арзандауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бұқаралық ақпарат құралдары министрден валюта нарығындағы жағдай жанармай бағасына қалай әсер ететінін сұрады.

"Әсер етпейді. Қазір бензин тапшылығы жоқ, қайта көп. Сондықтан бензин арзандауы мүмкін», — деді Бозымбаев. 

Бірақ министр бензин бағасы қанша түсуі мүмкін екенін айтпады. 


Жаңалықтар
0