Ақша

Министр қазақстандықтардың орташа жалақысын атады

80
(Жаңартылды 12:45 18.04.2018)
Тимур Сүлейменов 2018 жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады

АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Қазақстанда биылғы жылдың бірінші тоқсанында орташа жалақысы 153,2 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Еңбек нарығындағы жағдай орнықты.  Биыл наурызда жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде сақталды. Еңбекақының өсуі байқалып отыр. Ерекше атап өтетін жағдай, осы жылдың бірінші тоқсанында орташа айлық еңбекақы нақты көріністе 2,4% өсіп, 153,2 мың теңгені құрады", — деді Сүлейменов.

Министр 1 наурыздағы жағдай бойынша экономиканы кредиттеуде 1,6% өсу тіркелгенін және кредит көлемі 12,5 триллион теңгені құрағанын атап өтті.

80
Кілт сөздер:
жалақы, Тимур Сүлейменов, Қазақстан
Загрузка...