Экономика

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі шетелге не экспорттайды?

© Sputnik / Болат ШайхиновБейбіт Атамқұлов
Бейбіт Атамқұлов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бейбіт Атамқұлов шетелге экспортқа шығарылатын өнімдерді атағанмен, оларды қандай елдер сатып алатынын ашып айтпады

АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі шет елдерге оптикалық құрылғылар экспорттай бастады. Бұл туралы бүгін аталған ведомствоның басшысы Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Интернет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Атамқұлов: интернеттің бұғатталуына қатысымыз жоқ

"Біз қорғаныс өнеркәсібі кешенінің өнімдерін экспорттауды бастадық. Бізде оптика ешқашан болмаған, былтыр екі миллиард теңгенің өнімін экспортқа шығарды. Бұл тепловизорлар, түнде көру құрылғылары және тағы басқа. Атап өтетін жайт, бұл шетелден жеткізілетін бөлшектерден құрастырылған өнімдер емес, біздің кәсіпорындарда жасалған дүние", — деді министр мәжілісте өткен үкімет сағатынан кейін. 

Алайда Атамқұлов отандық өнімдер қандай елдерге экспортталатынын ашып айтпады. 

"Мәміленің құпиялығы деген түсінік бар. Мен тек елдердің бірі Еуропалық блокқа кіретінін айта аламын. Бұған қоса, біз көршілес достас мемлекеттерге сусасты кемелерге арналған ілмекті арматура, түрлі қару-жарақ экспорттаймыз. Ұшақтар мен тікұшақтарға арналған жылыту жүйесін, арнайы тыныс алу аппаратурасын өзімізде жасап, сыртқа шығарамыз", — деді ведомство басшысы.

Жаңалықтар
0