Экономика

Стати ісі: Брюссель соты ұлттық қор активтерінен бұғауды алып тастады

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуМонета, архивтегі фото
Монета, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Молдован кәсіпкері Швециядағы төрелік арқылы Қазақстаннан 4 миллиард АҚШ долларын талап еткен болатын

АСТАНА, 30 мамыр — Sputnik. Брюссельдің бірінші инстанциядағы соты шамамен 21,5 миллиард АҚШ доллары сомасындағы Қазақстан ұлттық қоры активтерінен алдын ала бұғауды алып тастады. Сондай-ақ сот ағылшын соттарында 530 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қалған қаражаттан шектеуді алып тастауға болады деген шешімге келді, деп хабарлады ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі. 

Доллар - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ұлттық қордағы 22 млрд долларға қойылған шектеудің күші жойылды

Мұнда 2010 жылы Қазақстанға қарсы талап-арыздарды бастаған екі молдован кәсіпкері Анатол және Габриэль Статидің ісіне қатысты сот процесі әңгіме болып отыр. 

Стати Швециядағы төрелік арқылы Қазақстаннан 4 миллиард АҚШ долларын талап етті, алайда оларға 500 миллион АҚШ долларын беру ұйғарылды. Осы қаражаттың 199 миллион доллары газ өңдеу зауыты құрылысына кеткен шығындармен байланысты болған тәрізді.

Кейіннен, АҚШ-та бөлек сот процедурасы арқылы алынған құжаттар арқылы Қазақстан Статидің талаптары ірі алаяқтыққа негізделгені жөнінде дәлелдер алды. Швеция төрелік шешімнің күшін жоймай және алаяқтық фактісін тіпті мәні бойынша қарамағанына қарамастан, Англияның Жоғары соты ұсынылған дәлелдерді қарастырып, өткен жылдың маусым айында төрелік шешім алаяқтық жолмен алынғандығы туралы жеткілікті түрде бастапқы дәлелдер бар деген қорытындыға келіп, сәйкесінше осы жылдың қазан айына алаяқтық бойынша тыңдау белгіледі. Осыдан кейін Стати жеті елде мәжбүрлі түрде орындау бойынша теңдесі жоқ науқан бастап, Қазақстанның Ұлттық банкіне және Ұлттық қорға тиесілі 22 миллиард АҚШ долларынан астам сома көлеміндегі активтерге алдын ала тыйым салды, бұл сома олардың талаптарынан анағұрлым асып түседі.

ақша - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ұлттық банк: БТА активтері проблемалық несиелер қорына берілуі тиіс

Бельгиялық сот уақытша тыйым салу Статидің талаптары мен шығындарының сомасымен ғана, атап айтқанда, 530 миллион АҚШ долларымен шектелуі керек деп ұйғара отырып, Статидің стратегиясын шайқалтты, бұл Қазақстанның Ұлттық банкіне тиесілі шамамен 21,5 миллиард АҚШ доллары мөлшеріндегі активтерінен шектеуді алып тастауға әкеледі. Бұдан басқа, бельгиялық соттың ұйғаруынша, тыйым салу үшін негіздің бар-жоқтығын нақ ағылшын соттары шешуі тиіс. Қазақстан Республикасы мен Қазақстанның Ұлттық банкі тыйым салынған қаражаттың қалған бөлігінен шектеуді алып тастау үшін Англияда тиісті әрекеттер қабылдайтын болады.

Қазақстан әділет министрі Марат Бекетаевтің айтуынша,  тыйым салынатын қаражатты ұлғайту және бұл ретте үшінші тұлғаларды қамтуға бағытталған Статидің стратегиясына сызат түсті. Статидің стратегиясы әуелден елімізге қысым көрсетуге бағытталған.

Бельгиялық шешім Стати алаяқтық туралы дәлелдемелер қарастырылатын сот талқылауын аяқтай алмай, Англияда ірі жеңіліске ұшырағаннан кейін бір апта өткен соң шықты.

Лондон, Ұлыбритания - Sputnik Қазақстан
Экономика
Олигарх Мақсат Әріптің 17 миллион доллар тұратын үйіне бұғау салынды

Стати Англиядағы сот талқылауларын қазақстандық активтерге тыйым салуға қол жеткізу үшін бастады. Алайда сот алаяқтық дәлелдемелеріне қызығушылық таныта бастағанда-ақ олар істі тоқтату жөнінде сәтсіз талпыныс жасады, ал өткен аптада сот талқылауын кейінге қалдыруға тырысты. Бұл ретте олар мүдделерін өздері қорғайтын болады, өйткені олардың адвокаттары King and Spalding бірнеше күн бұрын олардың мүдделерін қорғауды тоқтатты.

Лондондық сот оның орнына сот талқылауы қазан айында жалғасуы керек деп, Қазақстанға едәуір сот шығындарын төлеуді ұйғарды.

Қазақстан Республикасы Әділет министрі Марат Бекетаевтің түсінік беруінше: "Статидің схемасы олардың көз алдында бұзылуда. Стати қандай іс-әрекет жасаса да, шындықты жасыра алмайды".


Жаңалықтар
0