Тұрғын үй

Ақышев "7-20-25" бағдарламасын жүзеге асыру үшін не қажет екенін айтты

193
Ұлттық банк басшысының пікірінше, "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруда кепіл институтының маңызы ерекше

АСТАНА, 21 маусым — Sputnik. Қазақстанда несие беруші мен қарыз алушы мүдделерінің тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік беретін құқықтық орта қалыптастыру керек, деп санайды Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Оның айтуынша, "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы тұрғылықты іске асырылуы үшін банк пен қарыз алушы нарықтық қағидаларды сақтап, оның ішінде проблемалық қарыз бен кепіл алушы кредитордың басымдығы мәселесі ескерілуі тиіс.

Ақышев "7-20-25" бағдарламасы қашан іске қосылатынын айтты>>

"Кепіл институты толыққанды болуы керек. Ол үшін кепіл алушыға талаптарын қанағаттандыру үшін кепілге қойылған мүлікті еш кедергісіз әрі тез арада сатуға мүмкіндік берілуі қажет. Бұл түзетулерсіз "7-20-25" бағдарламасын жүзеге асыру мүмкін емес", — деді Ақышев сенаттың жалпы отырысында.

Қазақстан парламентінің сенаты бейсенбі күні "Валюталық реттеу және валюталық бақылау" туралы заң және оған енгізілген түзетулерді қабылдады. Ақышев атап өткендей, түзетулер күшіне енген жағдайда банктер халыққа несие бере бастайды.

Қазақстанда жүзеге асырылатын "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы бойынша әр жұмыс істеуші азамат несиеге баспана сатып ала алады. Қазақстандықтар келесі шарттармен ипотекалық қарыз алу мүмкіндігіне ие болмақ: несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылына 7%-дан аспайды, бастапқы жарна — 20%-дан аспайды, несиені төлеу мерзімі – 25 жылға дейін. Ипотекалық бағдарлама бойынша несиелер тек ұлттық валютамен беріледі.

Назарбаев "7-20-25" бағдарламасын жүзеге асыратын шенеуніктерді ұрламауға шақырды>>

193
Кілт сөздер:
ипотека, баспана
Тақырып:
"7-20-25" бағдарламасы (35)
Загрузка...