процент белгісі

"7-20-25" бағдарламасы бойынша қанша ипотека берілгені белгілі болды

1242
(Жаңартылды 08:56 18.07.2018)
Ұлттық банктің ақпараты бойынша қазіргі уақытта 752 миллион теңгеге 63 кредит мақұлданды

АСТАНА, 12 шілде — Sputnik. Ұлттық банк "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы бойынша алғашы берілген кредиттер жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

10 шілдедегі жағдай бойынша қазақстандықтар 48,3 миллиард теңгеге 4 651 өтініш берген. 

"752 миллион теңгеге 63 кредит мақұлданды", — деп хабарлады Ұлттық банк.

Тағы оқыңыз: 7-20-25: кім, қалай және қандай бағамен пәтер алады? 

Бұдан бөлек, жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша серіктес банктердің тізімі жарияланды. Олар — ЦентрКредит банкі, Қазақстанның Халық банкі, Еуразия банкі, АТФБанк, Bank RBK, Цеснабанк және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі. 

10 шілдеде үкімет отырысында үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Ұлттық банк төрағасынан қазіргі уақытта қанша кредит берілгенін сұраған еді. Данияр Ақышев бағдарламаның бір апта бұрын ғана іске қосылғанын айтып, жуық арада толыққанды ақпарат беруге уәде берген болатын. 

Айта кетейік, алғашқы жеті ипотека 4 шілдеде Алматы, Астана, Ақтау, Орал және Өскемен қалаларында берілді. 

"7-20-25": Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ипотека береді

"7-20-25" бойынша пәтер алғандар айына қанша төлейтіні белгілі болды

Мемлекеттік мекемелер өз қызметшілеріне баспана алуға көмектеседі

1242
Кілт сөздер:
"7-20-25" бағдарламасы, ипотека, Ұлттық банк
Тақырып:
"7-20-25" бағдарламасы (25)
Тақырып бойынша
"7-20-25" бағдарламасы бойынша баспана алу үшін не істеу керек?
"7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотека беріле бастады
Назарбаев "7-20-25" бағдарламасын жүзеге асыратын шенеуніктерді ұрламауға шақырды
Ақышев "7-20-25" бағдарламасы бойынша кімдер баспаналы бола алатынын айтты
"7-20-25" бағдарламасынан кейін баспана қымбаттай ма?
"7-20-25" бағдарламасы бойынша арзан ипотеканың шекті көлемі қанша?
Загрузка...