Экономика

Парижде 65 млн еуроға үй сатып алған қазақстандықтың кім екені анықталды

© Photo : из личного архива Игнаса Мювиссена65 миллион еуро тұратын Париждегі үй
65 миллион еуро тұратын Париждегі үй - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша пәтер заңды жолмен сатып алынған, оның иесі үкіметте істемейді

АСТАНА, 18 шілде — Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті Париждегі атышулы құны 65 миллион еуро пәтердің иесін анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Біз Франциядағы әріптестерімізге сұрау салдық. Олардан жауап келді, бірақ салық төлеуші өзі туралы мәліметтерді жариялауға рұқсат берген жоқ. Сондықтан біз айта алмаймыз. Ол үкімет адамы емес", — деді комитет төрағасының орынбасары Мәди Тақиев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, пәтер заңды жолмен сатып алынған және бүкіл салығы төленген. 

Кейін ол нақтылап өткендей, Францияға екі рет хат жолданған, бірінші рет жауап берілмеген, екінші рет кіріс көзі көрсетіліпті. 

"Екінші рет жіберген хатқа жауап келді. Біз бұл компанияның табыс көзін қарадық. Пәтер адамның атына емес, компанияға тіркелген. Сәйкесінше біз компанияның кірісі мұндай пәтер сатып алуға мүмкіндік беретінін анықтадық. Салық төленген. Салық құпиясы деген бар, сондықтан біз оны жариялай алмаймыз", — деп түсіндірді ол. 

65 миллион еуро тұратын пәтер — фото

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айында Mansion Global жылжымайтын мүлік агенттігінің сайты Қазақстан үкіметінің ресми өкілі Парижде құны 65 миллион еуро немесе 25 миллиард теңге болатын қымбат пәтер сатып алды деген ақпарат таратты. 

Қазақстанның билік өкілі Парижден 65 миллион еуроға сатып алған пәтер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
65 миллион еуроға пәтер сатқан брокер Қазақстаннан қоңырау шалғанын айтты

Агенттіктің мәліметінше, қауіпсіздік деңгейі аса жоғары үйдің аумағы 13 мың шаршы футқа (12 мың шаршы метр) жуықтайды. Пәтерде бес жатын бөлме, бес жуынатын бөлме, сондай-ақ SPA-аймақ және үй қызметкерлеріне арналған бөлмелер бар. Бұған қоса үйде аумағы 55 шаршы метр паналайтын арнайы орын, оқ өтпейтін шыны және қауіпсіздік қызметіне арналған бөлмелер қарастырылған. 

Сән салтанатты үй қаланың басты сауда көшелері орналасқан "Алтын үшбұрыш" ауданындағы Авеню монтеньде, Елисей алаңына жақын жерде орын тепкен. Терезеден әйгілі Plaza Athénée бес жұлдызды қонақ үйі көрініп тұр.

Пәтерді бельгиялық риелтор Игнас Мювиссен сатқан. Сайттың хабарлауынша, оның Мәскеудегі агенттігі бұрынғы кеңестік республикалардың азаматтарына қызмет көрсетеді. Бұдан бөлек, элиталық үйді қазақстандыққа ресейлік инвестициялық компанияның басшысы сатқаны хабарланды. 

Мювиссен сатып алған адамның есімін жариялаудан бас тартты. Тек оның Қазақстан үкіметінің өкілі екенін ғана айтты. Риелтордың айтуынша, бұл былтырғы Париждегі ең қымбат келісім болған. 

Сондай-ақ, қазақстандық пәтермен бірге төрт көлік — күзет қызметі үшін екі Mercedes G, жеке пайдалануға екі Maybach темір тұлпарын сатып алған. 

Жаңалықтар
0