Ақша

Қазақстандықтар ақшаны қай елдерде сақтайтыны белгілі болды

69
(Жаңартылды 11:48 07.08.2018)
Қазақстан азаматтары жинаған табысын Сингапур, Швейцария, Ливан, Ресей және тағы басқа мемлекеттердің банктерінде сақтағанды жөн көреді

АСТАНА, 25 шілде – Sputnik.  ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті салық салу әдіснамасы департаментінің директоры Қайрат Жолмұхамбетов қазақстандықтардың ақшасы қай елдердің банктерінде сақтаулы екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі заңнамада қазақстандықтарды шетелде алынған табысы мен шетелдік активтері туралы 240 формасы бойынша декларация тапсыруға міндеттейтін норма қарастырылған.  2017 жылы 68 мыңнан астам адам декларация толтырды. Оның 27 мыңы ақшаны рәсімдеді. Жалпы сомасы 820 миллиард теңгеден асты. Ақша 108 елдің банктерінде сақталған. Негізінен, олар Сингапур, Швейцария, Ливан, Корея Республикасы, Ресей және тағы басқалары", —деді Жолмұхамбетов салық ақпаратын автоматты түрде алмасуға дайындық және қазақстандықтардың шетелдегі табысын бақылау туралы баспасөз мәслихатында. 

Сондай-ақ, қазақстандықтардың 69 елде 12 мыңнан аса жылжымайтын мүлкі бар. 

"Жылжымайтын мүліктің дені Ресей, Болгария, Түркия, Испания, Ұлыбритания, АҚШ, Франция және тағы басқа елдерге тиесілі",- деді департамент директоры.

Тағы оқыңыз:

69
Кілт сөздер:
салық, табыс, жылжымайтын мүлік, қаражат, қазақстандықтар, ақша, Франция, АҚШ, Ұлыбритания, Испания, Түркия, Ресей
Тақырып бойынша
Маусымда қазақстандықтардың орташа жалақысы қанша болғаны анықталды
Жыл басынан бері қазақстандықтардың жалақысы 1,2%-ға өсті – министр
Қазақстанда жалақысы ең жоғары өңірлер белгілі болды
2019 жылы 2 миллионнан астам адамның жалақысы өседі – Назарбаев
Загрузка...