тауар тасымалдау

ШҚО-да лауазымды тұлғалар Қытайдан Қазақстанға тауар өткізу үшін 13 млн теңге пара алған

193
(Жаңартылды 09:44 10.08.2018)
Кәсіпкер кеден бекетінің бас маманы мен экономикалық қылмыстарды тергеу қызметінің аға офицеріне жүйелі түрде пара беріп келген

АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында лауазымды тұлғалар Қытайдан Қазақстанға тауарларды кедергісіз өткізу үшін кәсіпкерден жүйелі түрде пара алып отырған. Параның жалпы сомасы 40 мың доллар немесе 13 миллион теңгеден асады. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті лауазымды тұлғаларының қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесті.

Тағы оқыңыз: Шпекбаев қай органдарда жемқорлық жиі жасалатынын айтты

"2016-2018 жылдар аралығында жеке кәсіпкер ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық қылмыстарды тергеу қызметінің аса маңызды істері жөніндегі аға офицеріне және Майқапшағай кеден бекетінің бас маманына Қытайдан Қазақстанға тауарларды кедергісіз өткізу және қамқорлық жасағаны үшін жүйелі түрде пара беріп отырған. Параның жалпы сомасы 40 мың АҚШ долларын құрайды", — деді Жахин брифингте. 

Қазіргі таңда үш күдікті қамауда, аталған фактіге қатысты тергеу жүргізілуде. 

"Күдіктілердің офистерін, тұрғылықты жерлерін және көліктерін тінту барысында 13 миллион теңгеден астам соманы құрайтын шетел валютасы тәркіленді", — деді ол.

Сондай-ақ брифинг барысында мемлекеттік кірістер департаментінің тағы бір қызметкеріне қатысты қозғалғаны белгілі болды. 

"Астананың мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық қылмыстарды тергеу қызметі офицерінің қылмысы әшкереленді. Күдікті 30 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара алмақшы болған. Бұл іс бойынша тергеу мүддесіне байланысты ақпарат жария етілмейді", — деді Жахин.

Тағы оқыңыз: Екі жылға созылған тергеу аяқталды: 30 полицей сот алдына келді

193
Кілт сөздер:
тауар, қылмыс, жемқорлық, пара, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қытай, Шығыс Қазақстан
Тақырып бойынша
Көкшетау теміржол станциясының басшысы пара үшін ұсталды
Бурабай санаторийінің экс-басшысы пара алғаны үшін сотталды
Ақмола облысында ірі көлемде пара алған судья ұсталды
Назарбаев: ОҚО-да еден жуушы болып жұмысқа тұру үшін пара беру керек
45 мың теңге пара алған департамент қызметкеріне 2,7 млн теңге айыппұл салынды
Загрузка...