Жанар-жағармай құю бекеті

Теңге бағамының өзгеруі дизель отыны бағасына қалай ықпал етеді?

74
(Жаңартылды 14:04 10.08.2018)
Қазіргі таңда Қазақстан өзін дизель отынымен 90%-ға қамтамасыз етіп отыр

АСТАНА, 9 тамыз — Sputnik. Теңге бағамының долларға қатысты кезекті "рекордтық" төмендеуі жанар-жағармай материалдарына қалай әсер ететіні туралы сұраққа KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры Рүстем Қабжанов жауап берді.  

"Теңге бағамы дизель отынының ішкі өндірісіне қатты әсер етпеуі тиіс. Алайда егер импорт өнімі жайлы айтсақ, онда, әрине, ықпалы болады. Қазіргі Қазақстан өзін дизель отынымен 90%-ға қамтамасыз етіп отыр, импорттың үлесі бар-жоғы  10%", — деді Қабжанов "Атамекен" ҰКП брифингінде.

Қазақстанда доллар қанша тұрады?   

Айта кетейік, Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валюта долларға шаққанда 4,94 теңгеге арзандап, орташа сараланған бағам бір долларға 353,53 теңге болды. 

9 тамыздағы қорытынды сессия түстен кейін жарияланатын күндізгі сессия аяқталғаннан кейін белгілі болады.   

74
Кілт сөздер:
теңге бағамы, доллар бағамы, дизельді отын, жанармай, Қазақстан
Тақырып бойынша
Бозымбаев Ресейден бензин тасымалдауға неге тыйым салынып отырғанын түсіндірді
Теңге бағамының өзгеруі бензин бағасына әсер ете ме?
Қазақстанда бензин арзандауы мүмкін
Министр Қазақстанда бензин тапшылығы қашан болуы мүмкін екенін айтты
Вице-министр дизель отыны неге жеткізілмей жатқанын түсіндірді
Қазақстанда дизель отынының тапшылығы желтоқсанға дейін сақталуы мүмкін