Бақытжан Сағынтаев

"Нәтиже жоқ!". Сағынтаев Елбасының айтқанын орындамаған шенділерді сынады

300
(Жаңартылды 20:15 23.08.2018)
Премьер-министр әкімдер мен министрлер жұмысының қарқыны төмен екенін айтты

АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Үкіметтің кезекті отырысы барысында Бақытжан Сағынтаев Елбасы тапсырмасын орындамаған министрлер мен әкімдерді сынап, оларға бұл жұмыстарды қайта қолға алуды тапсырды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Құрметті әріптестер, Елбасы өзінің жолдауында индустрияландырудың жаңа технологиялар енгізудің флагманына айналуы тиіс екенін айтып өтті. Осы бағытта 7 үлгілі фабриканы іске қосуды жоспарға енгіздік. Яғни осы бағытта біз цифрлық фабрикалар жобасын іске асыруымыз қажет. Жеңіс Махмұдұлы, Дәурен Асқарбекұлы және Асқар Қуанышұлымен бірге осы жұмыстарды жүргізуге қатысты шаралар жүргізіп келдік. Бүгінгі күнге дейін осы жұмыстың қарқыны төмен. Жарты жыл өтті, бірақ бүгінгі баяндамаларда осы атқарылған жұмыстың нәтижесі туралы айтылған жоқ. Осыған назар аударуларыңызды сұраймын", — деді

Әрі қарай премьер-министр кәсіпорындарды модернизациялау жұмыстарының дұрыс жүргізілмей отырғанын айтып өтті. Сондай-ақ, осы мәселеге байланысты Асқар Ұзақбайұлына тапсырма берді.

Сағынтаев "іскер" министрлер туралы қалжыңдады

"Елбасының да тарапынан осындай талап болды. Әрі қарай технологиялық өнім шығаруға қатысты модернизациялау жұмыстарына келейік. Осы нәрсе экспортқа шығаратын өнімнің көлемін өзгертуге септігін тигізеді. Өңдеуші секторда жүйені құрайтын кәсіпорындар іске қосылмай отыр. Осыған назар аударуларыңызды сұраймын. Бұл да Елбасының тапсырмасы. Асқар Ұзақбайұлы осыны сіздің бақылауыңызға тапсырамын", — деді Бақытжан Әбдірұлы.

Үкімет басшысынан сөз естіген министр не деп ақталды?

300
Кілт сөздер:
премьер-министр, министрлер, әкімдер, цифрландыру, үкімет, экономика, Бақытжан Сағынтаев
Тақырып бойынша
Сағынтаев "7-20-5" бағдарламасына қатысты Ұлттық банкке тапсырма берді
"Есепшілердің қателігі". Сағынтаев бюджет қаржысының неге тиімсіз игерілгенін түсіндірді
"Сіздер келіскенше, қыс түседі". Сағынтаев Қасымбекті сынға алды
"Айтпады демеңіздер". Сағынтаев министрлерге соңғы ескерту жасады
Сағынтаев кооперативтердің азық-түлік бағасына әсерін анықтауды тапсырды
құрылыс

Қазақстанда құрылысқа салынатын инвестиция азайды

53
Қазақстанның 13 өңірінде құрылысқа құйылатын инвестиция көлемі қысқарды, деп мәлімдеді сарапшылар

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда құрылыс саласындағы негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 38,5 миллиард теңгені құрады. Бұл 2019 жылдың дәл осы кезеңіндегі көрсеткіштен 45,9%-ке төмен.

Сарапшылардың мәліметі бойынша, бұл осы уақытқа дейінгі ең төменгі рекордтық көрсеткіш болып отыр, деп хабарлайды FinProm.

Инвестицияның азаюы ел аумағының көп бөлігінде – 17 өңірдің 13-інде байқалады. Бірінші орында Атырау облысы тұр, мұнда инвестиция 69,8%-ке, яғни 7 миллиард теңгеге қысқарған.

Бұл ретте, құрылыс секторындағы ауқымды инвестиция Алматыда тіркелген: 7,7 миллиард теңге. Павлодар, Түркістан және Қостанай облыстарында, сондай-ақ, Алматыда инвестициялық өсім байқалған.

Құрылыс саласын қаржыландырудың негізгі көзі – бизнестің жеке қаржысы.

Бұған дейін Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі республикадағы құрылыс құнының төмендейтінін хабарлаған болатын. Бұл құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті енгізген тетіктердің есебінен жүзеге асырылады.

53
егін ору

Қазақстан Қытайға бидай экспортын ұлғайтуы мүмкін

63
(Жаңартылды 10:17 22.09.2020)
Биыл елімізде 18 миллион тонна астық жиналады деп жоспарланып отыр. Орташа түсім - бір гектардан 12,2 центнер

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Биыл Қазақстан Қытайға бидай экспортын ұлғайтуы мүмкін. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жаңа маусымда қазақстандық бидай мен ұн дәстүрлі түрде Орта Азия елдері мен Ауғанстан нарығына жөнелтіледі. Астық сапасының жоғары болуынан Қытайға бидай (HI-Pro) экспорты артуы мүмкін", - деді Омаров үкімет отырысында.

Астық жөніндегі халықаралық кеңестің есебіне сәйкес, Ресейде, Канадада, Австралияда астық өндірісінің артуына байланысты 2020 жылы өнім көлемі әлемдік рекордтық деңгейде – 2,2 триллион тонна болады деп бағалануда. 2019 жылы 2,1 триллион тонна болған.

Қазір республикада егін жинау жұмысының 93 проценті аяқталды. Барлығы 18 миллион тонна астық жиналады деп жоспарланып отыр. Орташа түсім бір гектардан 12,2 центнерді құрады.

63
Кілт сөздер:
Қытай, бидай
Дәлізде жүрген дәрігерлер

Тоқаевтың тапсырмасы орындалмай жатыр: мәжіліс министрді есеп беруге шақырды

41
Депутаттың айтуынша, Қазақстанда 12 830 медицина қызметкері індетке шалдыққан. Ал мемлекеттен төлем алуға небәрі 2 475 өтініш түскен

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәжіліс депутаттарына президенттің коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне төлем төлеу туралы тапсырмасының орындалуы жөнінде есеп береді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілісмен Зәуреш Аманжолова үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне төлемнің уақытылы төленбеу мәселесін қозғады.

Депутат денсаулық сақтау министрлігінің деректерін келтірді. Оған сүйенсек, 22 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда 12 830 медицина қызметкері індетке шалдыққан. Ал мемлекеттен төлем алуға небәрі 2 475 өтініш түскен, бұл ауырғандардың жалпы санының 19%-ін ғана құрайды. Ал біржолғы әлеуметтік төлем тек 1 830 адамға немесе вирус жұқтырғандардың 14,3%-не төленген.

"Коронавирустан қайтыс болған дәрігерлердің отбасына өтемақы төлеу жұмысы мүлде нашар. Бүгінге дейін індеттен 197 медицина қызметкері көз жұмса, денсаулық сақтау министрлігінен төлемге тек 38 өтініш қана түскен. Ал өтемақыны алғандар саны небәрі – 25 немесе марқұм болғандардың жалпы санының 12,7%-і", – деді Аманжолова.

Оның айтуынша, министрлік қызметкерлерінің баяулығынан президенттің тапсырмасы дер кезінде орындалмай жатыр.

"Денсаулық сақтау және еңбек министрліктері өзара іс-қимыл алгоритімін уақытылы пысықтамаған. Салдарынан осындай проблемалар туындап отыр. Осы айтылғандарды ескеріп, сізден бұл мәселені жеке бақылауға алуды сұраймыз", – деді депутат.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жақын арада денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осы мәселе бойынша мәжіліске шақырылатынын айтты.

"Келіп есеп берсін. Президенттің тікелей тапсырмасы жарты жыл бойы орындалмай жатыр. Бұған не себеп? Медицина қызметкерлері алғы шепте жүрді, қиын жағдайда жұмыс істеді. Біреулерінің денсаулығы сыр берді, енді бірі қайтыс болды. Ал тапсырма әлі орындалған жоқ. Таяуда Nur Otan фракциясы министрді шақырып, осы мәселені қарастырады", – деді спикер.

Оқи отырыңыз: 51 медицина қызметкері COVID-тан көз жұмды – 10 млн теңге қалай беріледі 

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы 30 наурызда COVID-19 жұқтырған дәрігерлерге 2 миллион теңге, ал қайтыс болған жағдайда отбасына 10 миллион теңге өтемақы төлеуді тапсырды.

Президенттің тапсырмасын орындау үшін 9 сәуірде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем төлеу тәртібі туралы бірлескен бұйрығы шықты.

41
Кілт сөздер:
сақтандыру өтемақысы, өтемақы, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Дәрігерлерге тиесілі үстемеақы төлеу кезінде қателік жіберілді
Еңбек министрлігі төлемдерге қатысты ақпарат берді
Төтенше жағдайда қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы қалай төленеді
Індет жұқтырған 1 364 медицина қызметкеріне өтемақы төленді – министрлік
Солтүстік Қазақстанда ауру өршіп тұр: бір тәулікте 180 мың құс қырылып қалды