Түркістан облысы әкімдігінің ғимараты

Мемлекеттік органдарды Түркістанға көшіруге 2,4 млрд теңге жұмсалмақ

64
(Жаңартылды 18:30 14.09.2018)
Бүгін мәжілісте "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы таныстырылды

АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Келесі жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен өңірлерге 2,6 триллион теңге бөлінеді. Бұл туралы қаржы министрінің міндетін атқарушы Берік Шолпанқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Шолпанқұлов 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық бөлінісіне жұмсалатын шығындар қарастырылғанын атап өтті. 

"Шымкентке бюджетпен қамтамасыз етілу деңгейін теңестіру үшін қосымша 1,2 миллиард теңге және Түркістан облысының мемлекеттік органдарын Түркістан қаласына көшіруге 2,4 миллиард теңге көзделген. Жалпы 2019 жылы республикалық бюджет қаржысы есебінен өңірлерге 2,6 триллион теңге бөлінеді. Бұл бюджеттің жалпы шығысының 24 процентке жуығын құрайды", — деді ол мәжілісте "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын таныстыру барысында. 

Айта кетсек, 2019 жылы республикалық бюджетке 9,7 триллион теңге түсім түседі деп жоспарланып отыр, шығыс 10,6 триллион теңгені құрамақ. Тапшылық – 945,4 миллиард теңге немесе ЖІӨ-нің 1,5%.


64
Кілт сөздер:
бюджет қаражаты, Түркістан
Тақырып бойынша
Түркістан облысындағы хиджаб дауы: оқушылар орамалын шешті
Түркістан облысында бөлім басшысы ұсталды – видео
Түркістан облысында аптап ыстықта сөмкеде жатқан нәресте өлуге шақ қалды
Түркістан облысында тұтастай бір ауыл халқы "гипер еңбекқор" атанып отыр - фото
Түркістан облысында ауыл әкімі тапа тал түсте "жоғалып" кетті
"7-20-25": Түркістан облысында қанша үй салынып жатыр?
Назарбаев Түркістан облысының әкімі Түймебаевқа қандай хат жазды?
Загрузка...