Банкнота

Назарбаев: Келесі жылдан бастап қазақстандықтардың жалақысы өседі

9005
(Жаңартылды 13:17 08.10.2018)
Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауын жариялап жатыр

АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтардың жалақысы өседі, деп хабарлайды тілшісі. 

Назарбаевтың халыққа жолдауымен толығырақ мына жерде танысуға болады

Нұрлан Нығматулин
© Photo : пресс-служба мажилиса парламента РК
"Қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен, табыстың тұрақты өсуі мен өмір сапасына байланысты. Адамның табысы ол өзі еңбекқор болған кезде өседі. Мен бұл туралы үнемі айтамын. Өзінің ісін шебер білетін маманның лайықты жалақы алуға немесе өз кәсібін ашуға мүмкіндігі бар. Бүгінде адамға жұмыс орындарын ұсыну проблема емес. Мәселе біліктілікте, біліктілігі болмаса мамандық та жоқ. Бірлескен күш-жігердің арқасында біз жалпы еңбек қоғамын құра аламыз. Естеріңізде болса, мен қазақстандықтарға осындай үндеу жасаған едім", — деді Елбасы. 

Президент келесі жылдың  қаңтарынан бастап қазақстандықтардың жалақысы өсетінін айтты. 

"Біріншіден, үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстандағы ең төменгі жалақы 1,5 есе – 28-ден 42 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын. Бұл әрбір қазақстандыққа нақты көмек болады. Бұл әртүрлі салаларда істейтін 1 миллион 300 мың адамның жалақысын көтереді. Сондай-ақ бюджеттік ұйымдарда істейтін 275 мың қызметкердің айлығы көбейеді. Олардың жалақысы орташа есеппен 35 процентке өседі. Олар мұғалімдер, дәрігерлер, құқық қорғау органдары, қорғаныс және тағы басқа", — деді Назарбаев.

Елбасы 2019 жылдан бастап ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болмайтынын атап өтті.

Биыл президент Қазақстан халқына жолдауын әдеттегідей парламентте емес, Ақордада жариялады. Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды. 

Назарбаевтың бұған дейінгі жолдауы осы жылдың 10 қаңтарында жарияланған еді. Онда президент төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері туралы айтқан болатын.

9005
Кілт сөздер:
Жолдау 2018, мұғалімдер, дәрігерлер, экономика, жалақы, Назарбаев
Тақырып:
Президент жолдауы-2018 (21)
Тақырып бойынша
"Үздік педагог" байқауының жеңімпазы: Мұғалімдердің жалақысы аз деп айта алмаймын
Министр Қазақстанда жалақысы төмен салаларды атады
Назарбаев жалақысы аз азаматтарға қандай көмек көрсетілгенін айтты
Исекешев жаңа оқу жылында ұстаздардың жалақысы өсетінін айтты
Мұғалімдердің жалақысы тағы өседі, директорлар тек 4 жылға тағайындалады
Токаев, Есимов и Бозумбаев

Тоқаев Есімовті Ақордада қабылдады

569
(Жаңартылды 18:36 07.08.2020)
Есімов мемлекет басшысына "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының" пандемиямен күрес кезіндегі қызметі жайында айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады.

Кездесу барысында мемлекет басшысына "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының" пандемиямен күрес кезіндегі қызметі жайында баяндалды, деп хабарлайды Ақорда.

Есімов қордың биыл наурыз айында дәрігерлерге, полиция және әлеуметтік сала қызметкерлері үшін 6 миллион бетперде алуға қаржы бөлгенін айтты.

"Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы президентке компанияның денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе атқарған жұмысы туралы мәлімет берді. Бірлескен іс-әрекеттің нәтижесінде қор қаржысына 100 жедел-жәрдем көлігі, 1000 оттегі концентраторы, 50 өкпені жасанды желдету аппараты, 1000 ипульстік оксиметр және 3000 вирусқа қарсы "Авифавир" дәрісі сатып алынған.

Ахметжан Есімов қор Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында салынатын жұқпалы аурулардың алдын алу және бақылау бойынша емханалардың құрылысына қаржы бөлетінін жеткізді.

Қор төрағасы президентке Ресеймен бірлесіп қолға алынған коронавирусқа қарсы вакцина өндіру жоспары жайында айтты.

Тағы оқыңыз: Тоқаев биліктің қалай өзгеретінін айтты

Кездесуде "Самұрық-Қазына" қорына қарасты компаниялардың қазіргі жағдайы да талқыланды. Ахметжан Есімов биыл үкіметке 120 миллиард теңге көлемінде дивиденд төленетінін, мұның 2017 жылмен салыстырғанда он есе көп екенін айтты.

Бұған дейін "Самұрық-Қазына" ұлттық қорға 50 миллиард теңге қаржыны мерзімінен бұрын аударған болатын.

569
Кілт сөздер:
Ахметжан Есімов, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Қазақстандықтарды дүрліктірген оқиға: Тоқаев тапсырма берді
Тоқаев: үкімет карантин режимін сақтау шараларын күшейтуге міндетті
Тоқаев білім министріне ұстаздарға қатысты екі маңызды тапсырма берді
Тоқаев елшіні қызметінен босатты
Сыртқы істер министрі Тоқаев қандай тапсырма бергенін айтты
Қызметкер, жұмыс

Агенттік жұмыстан кеткен басшылар туралы ақпарат жариялады

3208
(Жаңартылды 18:24 07.08.2020)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоластындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшыларды отставкаға жіберу және тәртіптік жазаға тарту нормасының орындалуы бойынша есеп берді

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоластындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшыларды отставкаға жіберу және тәртіптік жазаға тарту нормасының орындалуы бойынша есеп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің лауазымды тұлғасын тәртіптік жауапкершілікке тарту жоспарланған болатын. Атап айтқанда, индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Баитовқа тікелей бағынатын қызметкер сыбайлас жемқорлық әрекетін жасаған. Заң бойынша комитет басшысы жауап беруі тиіс. 

"25 шілде күні комитеттің Ақмола облыстық департамент басшысы Молдағұловқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енді. Мамыр айында ол бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы кәсіпкерден 700 мың теңге сомасында заңсыз сыйақы алып, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында аттестат алуға қатысты оң шешім қабылдауға уәде берді", - дейді агенттік мамандары. 

Департамент басшысы осы қылмыс үшін параның он есеге артық мөлшерін, яғни, 7 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан да өмір бойына айырылды. Алайда комитет төрағасы Баитов Молдағұловқа қатысты сот үкімінің заңды күшіне енуіне дейін өз еркімен қызметінен босатылды.

"Бұдан бөлек, Қостанай облысы әкімінің өкімімен білім басқармасының басшысы Цымбалюк өз еркімен жұмыстан кетті. 29 шілде күні оған бағынышты "Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығы" КММ-нің басшысы Павличенко қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша кезекті төлемді жедел аударғаны үшін пара алған. Сот үкімі заңды күшіне енбеген", - деді құқық қорғаушылар.

 

3208
Кілт сөздер:
басшы, жұмыс
Тақырып бойынша
Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді
"Ұпай жинайсыз деді": Тоқаев үкіметті неге отставкаға жібермегенін ашық айтты
Ұлттық ұланның лауазымды қызметкері ұсталды – видео
Әкімдікке қарасты кәсіпорынның былық-шылығы ашылды - видео
Қостанай әкімі отставкаға кетуі мүмкін 
Кісен, архивтегі сурет

Ресей Қазақстанға ұйымдасқан топ құрған адамды тапсырды

0
Есірткі Қазақстанға поштамен жіберілген. Бизнесті ұйымдастырушы құжаттарды қолдан жасағаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз - Sputnik. Ресей Қазақстанға есірткі контрабандасымен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топты құрған Қазақстан азаматы Стас Ларинды берді. Бұл туралы Ресейдің бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Ол қылмыстық кодекстің 264-бабы 1-бөлігі (трансұлттық ұйымдасқан топты құру, жетекшілік ету)
286-бабы 4-бөлігі (есірткі және психотроптық заттар контрабандасы), 297-бабы 4-бөлігі (есірткі және психотроптық заттарды заңсыз сату және сақтау) және 385-баптың 2-бөлігі (жалған құжат қолдан жасау) бойынша айыпталып отыр.

Ларин 2016 жылы есірткі контрабандасымен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топ құрған. 2017 жылдың қазан айына дейін жетекшілік етті.

Ларин 2019 жылдың желтоқсанында Новосибирск  облысында ұсталды. Жуырда Стас Ларин арнайы конвоймен Қазақстанға жеткізілді.

0