Экономика

Назарбаев ешқашан да бос сөзге үйір болған емес – мемлекеттік хатшы

© Sputnik / Владислав ВодневНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Гүлшара Әбдіқалықованың пікірінше, Қазақстан президентінің "алдымен – экономика, содан кейін ғана – саясат" деген әйгілі ұстанымы биылғы жолдауда да айқын аңдалады

АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жолдауында  халықтың әл-ауқатының басты факторы ретінде жалақыны өсіруге баса назар аударды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланған ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың "Халық туралы және халыққа арналған бағдарлама" атты мақаласында айтылған.

Айта кетейік, өткен жұмада Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты жолдауын жариялаған болатын.

Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауының видеосы - Sputnik Қазақстан
Видео
Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауының толық видеосы

"Бүкіл құжаттың өн бойында сымдай тартылып, үйлесімді түрде байланыстырып жатқан басты басымдық – қазақстандықтардың әл-ауқатын өсіру. Кең саяси-экономикалық айналымға тұңғыш рет "қолма-қол ақшасыз экономика" ұғымын енгізе отырып, мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатының басты факторы ретінде жалақыны өсіруге баса назар аударады. Ол үшін 1,3 миллион адамның еңбекақысының ең төменгі мөлшерін 1,5 есе – 28-ден 42 мың теңгеге дейін арттыруды тапсырды", — деп атап өтті мемлекеттік хатшы. 

Сондай-ақ, Әбдіқалықованың айтуынша, халықтың көкейтесті мәселесіне айналған тағы бір түйткілді назардан тыс қалдырмаған. Әңгіме тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығындағы жағдайды реттеу жөнінде. Бұл тұста да президент ұтымды ойлайтын нағыз нарықшы кейпінде көріне білді, дейді ол. 

Оның пікірінше, Қазақстан президенті ешқашан да бос сөзге үйір болып,  саясаттағы әртүрлі айғайшылардың айтағына ерген емес. "Алдымен – экономика, содан кейін ғана – саясат" деген әйгілі ұстанымы бұл құжатта да айқын аңдалады. 

"Сондықтан қазіргі экономиканың күретамыры болып саналатын шағын және орта бизнеске қолдау көрсете отырып, табысты болған "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасын жалғастыруды тапсырды. 

Банкнота - Sputnik Қазақстан
Экономика
Назарбаев: Келесі жылдан бастап қазақстандықтардың жалақысы өседі

Біздің саяси-экономикалық тұрғыдағы тілдік қорымызға президент қосқан тағы бір ұғым – "қарапайым нәрселер экономикасы". Талай отбасы отандық экономиканың көпшілік тұтынатын тауарлармен халықтың қарапайым сұранысын да өтеуге қабілетсіздігі туралы дастарқан басында үнемі  талқылап жататыны ешкімге жасырын емес. Қазіргі кезде біздің аз мәзірімізде шекараның сыртынан келген азық-түлік көп,  жұрттың біразы тіпті тек шетелдік киім киеді деуге болады. Енді ішкі нарықты отандық тауармен толтыру жөнінде тапсырма беріліп отыр. Ол үшін алдағы 3 жыл бойы қосымша тағы 500 миллиард теңге бөлінетін болады", — деп толықтырды Әбдіқалықова. 

Мемлекеттік хатшы жолдауда жоғары білім беруге, өмір сүруге жайлы орта, қауіпсіздікке және т.б. салаларға басымдық берілгенін айтқан. Солардың бірнешеуіне тоқталып өтіпті:  

Бірінші. Құқық үстемдігі. Президент мұны реформалардың табысты болуының басты факторы ретінде атады.

Екінші. Реформаларды жүзеге асырудағы мемлекеттік аппараттың маңызды рөлі. Мемқызметшілер үшін ең басты міндет – халықтың әл-ауқатын арттыру.

Үшінші. Ұлттық жаңғыру офисін құру. Ол реформалар мен негізгі стратегиялық құжаттардың жүзеге асырылу барысына мониторинг жүргізіп, баға беріп отыруға тиіс.


Жаңалықтар
0