Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев

Сағынтаев министрлерге соңғы рет ескерту жасады

674
(Жаңартылды 11:12 17.10.2018)
Министрліктер игермеген қаржы жаңа жобаларға ақша таппай отырған әкімдіктерге беріледі

АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев министрлерге игерілмеген қаржы ведомстводан алынып, әкімдіктерге берілетінін тағы бір мәрте ескертті, деп хабарлайды тілшісі. 

"Ертең парламентте бюджетті қайта қарау мәселесі қаралады. Қаржы министрі өткен сегіз айдың қорытындысын баяндағандай, сіздерге игерілмеген қаржы алынатыны ескертілген еді. Осының бәрі бюджеттің өзгерісінде қаралды. Ертең ол парламентте баяндалады. Яғни, тоғыз айдың қорытындысы бойынша қай министрлік қаражатты игермеді, соның барлығы алынады. Алынған ақша басқа әкімдіктер тарапынан жасалған ұсыныстарға бөлінеді", — деді Сағынтаев үкімет отырысында. 

Премьер-министр жыл соңына дейін әлі үш ай барын, әр айдың қорытындысы бойынша игерілмеген қаржы кері алынып, қаржы көзін қажет етіп отырған салаларға берілетінін айтты.

"Әлихан Асханұлы (қаржы министрі – автор ескерт.), он айдың қорытындысы бойынша кімдер игермейді, бұл жолда біз парламентке бармай-ақ, өзіміз шешетін мүмкіндіктер болады. Ол қаржы ақша сұрап отырған әкімдіктерге өтетін болады", — деді ол.


674
Кілт сөздер:
әкімдік, бюджет қаражаты, министрлер, экономика, Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан
Тақырып бойынша
Үкімет қазақстандықтардың табысын өсіретін жалпыұлттық жоспар қабылдады
"Кемшілік көп" Нығматулиннің үкімет жұмысына неге көңілі толмайды?
Баяндаманы тыңдамаған Сағадиев үкімет басшысынан сөз естіді
Сағынтаев министрлерге: Ала жаздай ән салған шегірткедей күзде дірілдеп қалмайық
Сағынтаев: халық әлі сапалы медициналық көмек ала алмай отыр
Загрузка...