Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев ЕАЭО жұмысындағы үш басымдықты айқындады

57
(Жаңартылды 12:27 07.12.2018)
ЕАЭО елдерінің басшылары бейсенбіде Санкт-Петербургте кездесті. Келесі кездесу 2019 жылдың мамыр айына жоспарланған

АСТАНА, 6 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербургтегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖАЭК) отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жұмыстың негізгі бағыттарын белгіледі.

"Бүгінгі күні ЕАЭО-да интеграциялық үдерістерді одан әрі тереңдету туралы декларация негізгі құжат болып саналады. Қазақстан тұтастай алғанда ЕАЭО аясындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуді қолдайды. Сонымен бірге біздің елдеріміздің комиссиясы мен үкіметі терең талдау жүргізіп, әр бағытта объективті экономикалық мақсаттылық көрсетуі тиіс", — деді Назарбаев.

Қазақстан басшысы жалпы алғанда Одақ негізгі мақсаттарға – тауарлар, қызметтер, капитал мен жұмыс күштерінің еркін қозғалысын қамтамасыз етуге сенімді қадамдар жасап келе жатқанын атап өтті. Сонымен бірге, Назарбаев ЕАЭО-ның толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қосымша күш-жігер жұмсау қажеттігін тілге тиек етті.

ЕАЭО-дағы зейнетақының мобильділігі

"Тауарлар, қызметтер, капитал мен жұмыс күштерінің еркін қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған құжаттар бойынша жұмысты аяқтау қажет. Бұл ЕАЭО елдерінің азаматтарын зейнетақымен қамту туралы құжатқа да қатысты", — деді Назарбаев.

2025 жылға қарай саудадағы кедергілер жойылады

Қазақстан президенті 2025 жылға қарай өзара саудадағы барлық кедергіні жою туралы міндетті еске салды.   

"Бұл біздің бірлестігіміздің маңызды шарты. Комиссия мен үкімет осы бағыттағы жұмысты күшейтуі керек деген пікірдемін", — деді ол.

"Бүкілодақтық" жобалар

Мемлекет басшысы одақты нығайтатын  экономиканың негізгі секторларында ірі жобаларды бірлесіп іске асыруға басымдық береді.

Президент комиссия үкіметпен бірге мұндай жобалардың тізімін анықтауы керек деп санайды.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында президенттер не талқылады?

Айта кетейік, Декларациядан басқа, 2019 жылы Одақтың халықаралық қызметінің негізгі бағыттары, Иранмен еркін сауда аймағын қалыптастыруға әкелетін Уақытша келісімнің күшіне енуі және Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім отырыстың басты тақырыптарына айналды. 


57
Кілт сөздер:
тауар, экономика, ЕАЭО, Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан
Тақырып бойынша
Сағынтаев пен Жээнбеков сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселесін талқылады
Қытайдың жасанды тауарларына қарсы күрес: ЕАЭО қандай айла тапты?
Сенат ЕАЭО-ға Қырғызстанның қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы заңды қабылдады
ЕАЭО Кеден кодексі күшіне енді
Загрузка...