Данияр Ақышев

Ақышев "7-20-25" бағдарламасы қалай іске асып жатқанын айтты

116
Ұлттық банк төрағасы биыл жылдық инфляция 5,3% болғанын айтты

АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. "7-20-25" бағдарламасы бойынша 41 миллиард теңгеге 3 400 өтінім мақұлданған. Бұл туралы Қазақстан ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды тілшісі.

2018 жылы 11 ай ішінде валюта нарығындағы теңге бағамы 11,8%-ке әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 371,56 теңгеге жетті. Биыл теңгенің әлсіреуі соңғы айларда мұнайдың әлемдік бағасының өсуіне, АҚШ долларының дамушы елдердің валюталарына қатысты нығаюына, АҚШ Федералдық резервтік жүйе мөлшерлемесінің өсуіне және Ресей рублінің әлсіреуімен байланысты болды.

Данияр Ақышев Қазақстан ұлттық банкі нысаналы мәндерді белгілемейтінін және айырбастау бағамы үшін қандай да бір индикаторды пайдаланбайтынын айтып өтті.

"Қазіргі айырбастау бағамы саясатының бұрынғысынан айырмашылығы — осы күнге дейін Қазақстан ұлттық банкі теңге бағамын өзгерту уақыты мен мөлшерін өз қалауымен белгілеп отырды. Ал қазір бағамды экономика мен дербес қоғам айқындайды. Яғни бұл процесс саяси шешімдер мен оқиғаларға тәуелді емес", — деді ұлттық банк төрағасы.

Тағы оқыңыз: 

Мұнымен қатар, Ақышевтың айтуынша, қарашада Ұлттық қордың активтері 57,6 миллиард АҚШ доллары болған. Қазақстанның халықаралық резервтері 87,8 миллиард АҚШ долларына жеткен. 

"Биыл 10 ай ішінде депозиттер 0,8%, яғни 17,6 триллион теңгеге дейін өсті. Ұлттық валютадағы депозиттер 2,3%, ал шетел валютасындағы депозиттер 1% өсті. Нәтижесінде 46,9% депозит доллар валютасында сақталды", — деді Ақышев.

Бұдан өзге, Данияр Ақышев "7-20-25" бағдарламасының жеті банк арқылы іске асып жатқанын айтып өтті. 6 желтоқсандағы жағдай бойынша банктер 41 миллиард теңгеге 3 400 өтінімді мақұлдады.

"Қазақстан Ұлттық банкі халықпен белсенді түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр. Бағдарламаны іске асыру барысы тұрақты түрде республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жария етіледі. Сall-орталық тәулік бойы жұмыс істейді", — деп толықтырды Қазақстан ұлттық банкінің төрағасы.

Баяндама соңында Данияр Ақышев 2018 жылы 27 қарашада ұлттық банк Орталық Азия елдері ішінде бірінші болып IOSCO мүшесі атанғанын айтып өтті. Ұлттық банк IOSCO-мен консультациялар, ынтымақтастық және ақпарат алмасу мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумға қол қойды.

116
Кілт сөздер:
инфляция, "7-20-25" бағдарламасы., Ұлттық банк, Данияр Ақышев
Тақырып бойынша
Ақышев "7-20-25" бағдарламасын жүзеге асыру үшін не қажет екенін айтты
Ақышев қазақстандықтардың Астана банкіндегі салымының тағдыры не болатынын айтты
Сарапшы зейнетақы қорын қаржы пирамидасымен салыстырды: Ақышев не дейді?
Ақышев газ құбырына зейнетақы қорынан бөлінетін ақшаға қатысты түсініктеме берді
Ақышев 10 млн теңгенің пәтерін алу үшін жалақы қанша болу керектігін айтты
Ақышев Елбасыға "7-20-25" бағдарламасын қалай орындайтынын айтып берді
Ақышев теңгенің әлсіреуіне қатысты: асығыс шешім қабылдамаңыздар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев КСМ Техновид ЖШС кәсіпорнына барды

Президентке құрылыс материалдары өндірісінің технологиялық процесі көрсетілді

32
(Жаңартылды 17:28 25.09.2020)
Тоқаев Алматының Индустриялық аймағында орналасқан энергия үнемдейтін сәулеттік қасбеттер зауытының жұмысымен танысты

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жасаған жұмыс сапары аясында "КСМ Техновид" ЖШС  кәсіпорнына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

"Мемлекет басшысы қаланың Индустриялық аймағында орналасқан энергия үнемдейтін сәулеттік қасбеттер зауытының жұмысымен танысты", - делінген хабарламада.

Президентке кәсіпорынның өнімдері таныстырылып, құрылыс материалдары өндірісінің технологиялық процесі көрсетілді. Мұнда 250-ден астам адам жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев

Компанияның жобаға салған жеке инвестициясы 3,8 миллиард теңге. Зауыттың қуаттылығы жылына 475 мың шаршы метр шыныпакет шығаруға жетеді.

Сондай-ақ мемлекет басшысына Алматы индустриялық аймағының жағдайы мен даму перспективалары туралы айтылды. Мұнда жыл аяғына дейін құны 85 миллиард теңге болатын 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

32
Кілт сөздер:
Алматы, президент, құрылыс
Тақырып бойынша
Тоқаев жарлыққа қол қойды
Қазақстанда өнеркәсіпті дамыту қоры құрылды
Қазақстанда жалпыұлттық сауалнама басталды
Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды
Олжас Құдайбергенов

Тоқаевтың бұрынғы кеңесшісі экономика министрлігіне жұмысқа орналасты

59
(Жаңартылды 15:43 25.09.2020)
Бұған дейін Құдайбергенов жеті ай бойы мемлекет басшысының экономика жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып жұмыс істеді

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Экономист Олжас Құдайбергенов жаңа қызметке орналасты. Ол Қазақстанның экономика министрлігі жанындағы басқарушы кеңестің төрағасы болып тағайындалды.

Бұл туралы мемлекеттік басқарудың жай-күйі мен болашағы талқыланған экономика министрлігі жанындағы басқарушы кеңестің отырысында белгілі болды. Ведомство басшысы Руслан Дәленов кеңестің негізгі міндеттерін түсіндірді. Ол министрліктің қызметін бағалап, жетілдіру бойынша ұсынымдық шешімдер әзірлейді.

Басқарушы кеңестің төрағасы болып экономист, Қазақстан президенті жанындағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың мониторингін талдау орталығының мүшесі Олжас Құдайбергенов сайланды.

Кездесуге қатысушылар қойылған міндеттерді өнімді шешу үшін мемлекеттік органдардың кадрлық әлеуетін жетілдіруді ұсынды.

Ал Дәленов ұсынылған шараларды жүзеге асырудың тетіктері жаңа экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша нәтижеге қол жеткізуге бағытталатынын хабарлады.

Сынақ мерзімінен өтпеді: Молдағасымова тағы да жұмыссыз қалды 

Бұған дейін Руслан Дәленов президенттің кадрлық резервінде тұрған мамандармен кездесуінде басқарушы кеңес құрылатынын мәлімдеп, ол жерге кадр резервінің өкілін енгізуді ұсынған болатын.

Еске сала кетейік, 20 шілдеде Олжас Құдайбергенов президенттің экономика жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды.

59
Кілт сөздер:
экономика, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Құдайбергеновтің президент кеңесшісі қызметінен неге босатылғаны белгілі болды
Тоқаевтың кеңесшісі пневмония мен COVID-ке қатысты жазба жариялады
Тоқаев кеңесшісін қызметінен босатты
Тоқаевтың кеңесшісі 2 миллионға жуық қазақстандық коронавирус жұқтырғанын айтты
Харьков маңында Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады

Украинада әскери ұшақ құлап, 25 адам көз жұмды

0
Жиырма бес адам әуе апатынан қаза тапты, бортта болған тағы екі әскери қызметкер ауыр жарақат алды, оларды күйік шалған

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Украинаның солтүстік-шығысындағы Харьков облысында Ан-26 әскери ұшағының апатқа ұшырауынан кем дегенде 25 адам көз жұмды, деп хабарлады РИА Новости.

Бортта 28 адам – әскери ұшқыштар мен курсанттар болған.

Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің хабарлауынша, оқиға кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 20:50 шамасында Чугуев қаласының маңында, әскери әуежайдан екі шақырым жерде болған.

Крушение самолета Ан-26 под Харьковом
© Sputnik / Сергей Одинцов
Харьков маңында Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады

"Ұшақ жерге құлап түскеннен кейін өртеніп кетті. Алдын ала мәлімет бойынша Ан-26 бортында 28 адам – әскери ұшқыштар мен И.Кожедуб атындағы Харьков әуе күштері ұлттық университетінің курсанттары болған. Ұшақ апатынан 25 адам қаза болды. Екеуін күйік шалды", - деді елдің төтенше жағдайлар мемлекеттік қызметі.

Орал маңында қолдан жасалған ұшақ құлады – ұшқыш қаза тапты

Ан-26 апатының мән-жайы мен себебін тексеру үшін мемлекеттік комиссия құрылды.

"Сенбі күні Украина мемлекетінің басшысы Владимир Зеленский Харьков облысына келеді", - деп хабарлады президент кеңсесі.

Алдын ала мәлімет бойынша, апаттан аз уақыт бұрын ұшақтың бір қозғалтқышы істен шыққан.

0
Кілт сөздер:
әскери қызметкер, ұшақ апаты, Украина
Тақырып бойынша
"Ұшақты атқылаған": үш жыл бұрынғы әуе апатына қатысты жаңа дерек шықты
Алматы - Қостанай рейсінің жолаушысы ұшақ бортында көз жұмды
Шымкент-Нұр-Сұлтан ұшағының жолаушылары жанжал шығарды - видео
"Қытай ұшағы радиоактивті зат шашып жүр": ақпаратқа түсініктеме берілді
Ұшақ Алматыны бір сағат айналып ұшты: Air Astana не болғанын түсіндірді