Ақша

Бүгіннен бастап жалақысы төмен қазақстандықтар салықтан босатылды

5215
(Жаңартылды 11:11 09.01.2019)
Жұмысшы кіріс салығынан босатылу үшін жалақысы 25 айлық есептік көрсеткіштен төмен болуға тиіс

АСТАНА, 1 қаңтар — Sputnik. Жалақысы 25 айлық есептік көрсеткіш 60 125 теңгеден аспайтын қазақстандықтар кіріс салығынан босатылады.

Былтыр 2 шілдеде Салық кодексіне тиісті өзгертулер мен заңнамалық актілер қабылданған болатын. Жалақысы 25 АЕК-тен аспайтын жұмысшылардың кіріс салығының 90 %-ынан босатылуы туралы нормалар бүгін 1 қаңтарда күшіне енді.

Жұмысшының бірнеше жұмысы болып, әрқайсысында жалақысы 25 АЕК-ке жетпесе, әр жұмыс беруші жеке 90% кіріс салығынан босатады.

Былтыр наурыз айының басында парламентте бес әлеуметтік бастаманы таныстырған Қазақстан президенті жалақысы төмен азаматтарды салық жүктемесінен босату туралы тапсырма берген болатын.

Бұдан бөлек, бүгіннен бастап бизнесмендер үшін салық амнистиясы күшіне енді. Бұл норма бойынша 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін негізгі борышын өтеген салық төлеушілер өсімақы мен айыппұлдан босатылады.

5215
Кілт сөздер:
өзгерістер, қазақстандықтар, салық, ақша, жалақы
Тақырып бойынша
Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан не өзгереді?
Назарбаевтың бастамалары: Қазақстандықтардың өмірі қалай өзгереді?
2019 жылдан бастап көлікті сақтандыру тәртібі қалай өзгереді?
"Қазақтелеком" KCell-ді сатып алады: абоненттер үшін не өзгереді?
Министр бұйрыққа қол қойды: Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап не өзгереді?
Үкімет 2019 жылғы демалыстар күнтізбесіне өзгерту енгізді
Қазақстандықтарды 2019 жылы қандай өзгерістер күтіп тұр?
Загрузка...