Теңге

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап 700 мыңнан астам адамның жалақысы өсті

3328
(Жаңартылды 20:14 22.01.2019)
Жүз отыз мыңға жуық жұмыс беруші қызметкерлерінің жалақысын 18%-ке көтермек

АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Қазақстанда 1 қаңтардан бастап 705 мың адамның жалақысы көтерілді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысы халыққа жолдауында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі еңбекақы алатын жұмысшылардың жалақысын көтеруді тапсырды.  Елімізде 1,5 миллион адамды еңбекпен қамтып отырған 128,7 мыңға жуық жұмыс беруші 705,4 мың жұмыскердің жалақысын көтеруге дайын екендіктерін білдірді", — деп жазылған хабарламада.  

1235 кәсіпорын ірі кәсіпкерлік субьектілеріне жатады, 1711 – орташа, 125 мыңы шағын кәсіпкерлік.

Жоғарыда көрсетілген кәсіпорындарда ең төменгі еңбекақы алатын жұмыскерлердің орташа жалақысы 18%-ке, яғни 41,5 мыңнан 55,2 мың теңгеге дейін өседі.

3328
Кілт сөздер:
жолдау, жалақы, Назарбаев, Қазақстан
Тақырып бойынша
Бүгіннен бастап жалақысы төмен қазақстандықтар салықтан босатылды
Назарбаев кімдердің жалақысы 30-35 процентке өсетінін айтты
Амандық Баталов: бюджеттік қызметкерлердің жалақысы 35%-ке өседі
310 мың теңге. Жалақысы ең жоғары өңірлер белгілі болды
Загрузка...