Smart Aqkol ахуалды орталығында

Назарбаев Қазақстандағы алғашқы "ақылды" қалаға барды

347
(Жаңартылды 09:13 23.01.2019)
Ақмола облысында орналасқан Ақкөл қаласы елімізде Smart City технологияларын сынақтан өткізудің бірінші алаңқайы болды

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Smart Aqkol" ахуалдық орталығына барды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған "Smart city – Ақылды қала" заманауи технологияларды енгізу жобасының қорытындыларымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев атқарылған жұмыстың маңызын атап өтіп, цифрландыру саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар бірінші кезекте азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға, қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталғанын айтты.

"Мен әрдайым мемлекетті тиімді басқару міндетін алға қоямын. Басқаруға қатысты шешімдердің бір орталықта қабылдануы экономикада жақсы нәтиже береді", – деді президент.

Smart Aqkol ахуалдық орталығында
© Photo : ҚР президентінің ресми сайты
"Smart Aqkol" ахуалдық орталығында

Жоба жол және қоғамдық қауіпсіздікті, соның ішінде білім беру мекемелері мен әлеуметтік нысандарға бейне бақылау жүргізу, денсаулық сақтау саласына мониторинг жасап басқару, сондай-ақ ғимараттар мен тұрғын үйлерді соңғы үлгідегі ақылды құралдармен жабдықтау арқылы қаланың қалыпты тіршілігін қалыптастыруға бағытталған.

Ахуалдық орталықтың инфрақұрылымы ведомствоаралық іс-қимылды ұйымдастыру, қаланы тактикалық және стратегиялық тұрғыда басқару, соның ішінде коммуналдық қызмет көрсету мекемелерін басқару жөніндегі шешімдермен таныстыру, қала ресурстары жөніндегі шынайы және уақытылы алынған мәліметтерді жинақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осы жобаны іске асыру барысында энергия тиімділігін қамтамасыз ету, экологиялық жағдайға мониторинг жасау, қылмыстардың алдын алу бойынша инновациялық тәсілдер енгізілді. Соның арқасында Ақкөл қаласы елімізде ақпараттық технологияларды тәжірибеден өткізіп, Smart Сity тұжырымдамасын дамытудың алғашқы елді мекені атанды.

Назарбаев Smart Aqkol ахуалдық орталығында
© Photo : ҚР президентінің ресми сайты
Назарбаев "Smart Aqkol" ахуалдық орталығында
347
Кілт сөздер:
жаңа технологиялар, smart city, Назарбаев, Ақкөл, Ақмола облысы, Қазақстан
Тақырып бойынша
Талдықорғанда үш оқушы "ақылды аялдаманы" тонап кетті - видео
Қазақстанда алғашқы "Ақылды үй" пайдалануға берілді
Өскемендік кәсіпкерлер ақылды дәретхана жобасын ұсынып отыр
Елорданың оң жағалауында "ақылды аудан" бой көтереді
Назарбаев: Қазақстан қалаларын "ақылды қалаға" айналдыру керек
Қажыларға арналған "ақылды" қолшатыр жасалды
Процент таңбасы

Халықтың кредиті кешіріле ме экономистер жауап берді

7056
(Жаңартылды 18:05 19.09.2020)
Мамандардың пікірінше, кредит алғандардың көбісі ақшаны тойға, смартфон немесе тұрмыстық техника алуға жұмсаған

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Тура бір жыл бұрын дәл осы уақытта Тоқаев тапсырған кредиттік рақымшылық науқаны аяқталып жатқан еді. Ол кезде қиын жағдайға тап болған көптеген адамның 300 мың теңгеге дейінгі қарызы кешірілді. Кредиттің айыппұлдары мен өсімпұлдарын да алып тастады. Осы жолы коммунист депутаттар тағы кредиттік рақымшылықты өткізу керек деп санайды. Себебі, коронавирустың салдарынан халық қайтадан қиын жағдайға тап болды. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген экономистер кредиттік рақымшылықтың тиімділігі туралы айтты. Ал ең бастысы, "Үкімет тағы халықтың кредитін кешіре ме, жоқ па?" деген сұраққа жауап беріп көрді.  

Үкімет кешіруі мүмкін, бірақ...

GSB UIB бизнесті талдау орталығының директоры, экономист Мақсат Халық мемлекетте халықтың кредиттерін толығымен кешіруге мүмкіндік жоқ деп санайды. Себебі, бүгінде тұтынушылық несиелердің көлемі аз емес.

"Өткенде тұтынушылық кредиттердің жалпы көлемі 4,5 триллион теңге болған. Жалпы биылғы бюджет шығындары 14 триллионға жетті. Демек, халықтың қазіргі кредиттері соның үштен бір бөлігі болып тұр ғой. Ал шығындардың ішінде жол жөндеу, аурухана мен мектеп салу, әлеуметтік төлемдер және тағы басқа қаражат түрлері бар. Осының бәрін тоқтатып қойып, кредит кешірген қисынсыз. Мемлекетте тұтастай халықтың кредитін кешіріп тастауға мүмкіндік жоқ. Сондықтан үкімет ондай қадамға бара алмайды", - дейді Халық.

Маманның ойынша, кредит алғандардың көбісі ақшаны тойға, смартфон немесе тұрмыстық техника алуға жұмсаған. Енді осы кредиттердің бәрін бюджет есебінен жауып тастаған дұрыс емес. Дегенмен, үкімет бұған дейінгі рақымшылық сияқты қарыздың бір бөлігін кешіруі мүмкін. 

"Меніңше, үкімет осы жолы да кредиттік рақымшылыққа баратын сияқты. Бірақ өткен жылдың көлемі болатын шығар. Одан сәл көбірек болуы да мүмкін. Мысалы, былтыр 300 мың теңгеден жалпы 105 миллиардтың кредиті кешірілсе, осы жолы 200 миллиардтан аса қоймайтын тәрізді", - деп атап көрсетті Халық.

Кредитті кешіруді әдетке айналдырған дұрыс емес

Экономист мамандар осы бастаманың саяси астары да бар деп санайды. Себебі алда – мәжіліс сайлауы. Саяси доданың алдында партиялар ұпай жинауға тырысады. Үкімет те өз беделін түсірмеуге күш салады.

"Иә, үкімет ұпай жинау үшін осы бастамаға баруы мүмкін. Бірақ экономист ретінде айтарым, ондай шараны өткізген дұрыс емес. Себебі, мемлекет халықтың кредитін кешіре берсе, халық оған үйреніп қалады. "Бәріне бірдей кешірсін! "деген талап қояды. Сөйтіп, адамдар кредитін төлемей жүре береді", - дейді Халық.

Маманның ойынша, жас ұрпақ та "кредит алуға болады екен, артынан оны мемлекет жауап береді" деген көзқараспен өседі. Болашақта ондай психологияның салдары көп болады.

"Мысалы, Грузия халықтың кредитін 500 миллиард теңгеге кешірді. Сонда былтыр біз кешірген сомадан бес есе көп болып тұр ғой. Бірақ Грузияның кешірген кредиттері ұзақ уақыт бойы төленбей қалған проблемалық қарыздар екен. Соның бәрін банктың есепшотында ұстаған тиімсіз. Сол себепті бәрін кешіре салған", - деп атап көрсетті Халық.   

Қосымша қаржы көздері бар

Ulagat Consulting Group компаниясының директоры, экономист Марат Қайырленов та кредиттік рақымшылықты өткізуге болады дейді. Бірақ коммунистер ұсынған қаржы көздерін іске асырған қиын. Мысалы, олар артық табыс пен мұраға қалған мүліктің салығын арттырып, соның есебінен кредиттерді кешіруге болады деп санайды.

"Қазіргі салықты уақытында жинай алмай отырғанда оның көлемін тағы арттырған қиын болатын сияқты. Сосын депутаттар шетелдік IT-компаниялардан 3 проценттік цифрлық салық жинайық дейді. Оны да іске асыру оңай емес. Негізі, ондай бастаманың пайдасынан гөрі зияны көп", - дейді Қайырленов.

Бұдан бөлек, коммунистер жеке тұлғалар мен компанияларға шетелге ақша аударғаны үшін 10 проценттік дифференциалды салық салып, одан түскен ақшаны да кредиттік рақымшылыққа жіберуді ұсынып отыр. Экономист Марат Қайырленовтың ойынша, ондай бастама шетелдік инвесторлар үшін тиімсіз болады. Негізі, қосымша қаржы көздерін басқа жерден де табуға болады.

"Мысалы, екі жылдай бұрын қаржы министрлігі Қытаймен арадағы саудаға қатысты екі жақты статистиканы салыстырып көрген. Сол кезде 1 триллион теңгенің айырмашылығы бар деп айтқан. Демек, осы ақшаға 20 процентік салық салған күннің өзінде бюджетке жылына 200 миллиард теңге түсетін еді. Басқа елдермен сауда-саттықта да өзара есептің айырмашылығы көп. Соның бәрін анықтап, салық салса, кредиттік рақымшылыққа жететін біраз ақша шығады", - деп атап көрсетті Қайырленов.

Осы орайда ол экономист Айман Тұрсынханның Алматыдағы базарларға жүргізген зерттеуін де еске алды. Мамандар бір базардың өзінде миллиардтаған доллардың айналымда жүргенін анықтаған. Ал бюджетке төленген салықтың көлемі мардымсыз.

Оқи отырыңыз: "Сіздің атыңыздан кредит алады": алаяқтардан қалай қорғану керек

"Сонда экономиканың дәл осы секторынан салық мүлдем түспейді деуге болады. Міне, осы жерден қосымша қаржы көздерін табуға болады. Соның есебінен кредиттік рақымшылықты өткізуге мүмкіндік бар", - деп атап көрсетті Қайырленов.

7056
Кілт сөздер:
ақша, кредит
Тақырып бойынша
Мемлекет басшысы кредит алғандарға қатысты тағы бір тапсырма берді
42 500 теңге алғандарға кредит берілмей ме – қаржы министрлігі жауап берді
Кредит төлемі кейінге шегеріледі: Мамин тапсырма берді
Баспанасы жоқ қазақстандықтарға 5%-тік кредит беру басталды
Президент қазақстандықтарға кредит беруді шектеуді тапсырды
Портфель, архивтегі сурет

Қазақстандық депутаттың заңсыз әрекеті әшкереленді видео

2130
(Жаңартылды 17:55 18.09.2020)
Күдікті үйқамаққа алынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі депутатты ұстау сәтінің видеосын бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Тараз қаласында мәслихат депутатының парамен ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәслихат депутаты әрі әкімдікке қарасты ЖШС директорына қатысты тергеу шараларын бастады.

"Ол құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жалпы қамқорлығы үшін ақшалай қаражатты жедел аударғаны үшін заңды тұлға басшысынан қол астындағы қызметкері арқылы 1,5 миллион теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді. Сот күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - деді Биғайдаров онлайн брифингте.

Бұдан бөлек, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облыстық департамент басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Шенеунік өз орынбасарын қызметке тағайындауға жәрдем көрсеткені үшін 2 миллион теңге сомасында пара алды деп айыпталып отыр.

Тараз қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға шешім шығарды.

2130
Кілт сөздер:
видео, депутат, Қазақстан
Тақырып бойынша
Алматы полициясының лауазымды тұлғасы қылмыс үстінде қолға түсті – видео
Ұлттық ұланның лауазымды қызметкері ұсталды – видео
Облыс әкімінің орынбасары ұсталды – агенттік түсініктеме берді
Нұр-Сұлтанда шенеунікті ұстау сәтінің видеосы жарияланды
Алматыда төрт лауазымды полицей қызметінен қуылды
Ұшақ, аспан

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады

0
Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана жүзеге асырылды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Ресей өз аумағына Қазақстан азаматтарының кіруіне рұқсат берді. Шектеу коронавирустың таралуына байланысты енгізілген болатын.

"Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Корея елдерінің азаматтарына және осы елдерде тұруға ықтиярхаты барларға Ресейге әуе өткізу пунктері арқылы кіруге рұқсат етіледі. Ресейліктер де бұл елдерге емін-еркін бара алады", - делінген Ресей үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратта. 

Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана болды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек еді.

Рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы 21 қыркүйекте жанданады.

0