Тұрғын үйлер

Қазақстанда жастар үшін бөлек тұрғын үйлер салынады

2907
(Жаңартылды 13:58 28.01.2019)
Жалға берілетін тұрғын үйлер алдымен Астана, Алматы, Шымкентте, кейін басқа қалаларда бой көтереді

АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Енді Қазақстанда жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үйлер салынады. Бұл туралы бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды тілшісі. 

Назарбаев Астана, Алматы және Шымкентте жұмыс істейтін жастар үшін жылына бір мыңнан кем емес пәтер салуды тапсырды. 

"Бұл пәтерлер жалға берілетін тұрғын үй санатына жатқызылуы тиіс. "7-20-25" бағдарламасы да бұл мәселені шешуге бағытталған. Бағдарлама бойынша баспана алуға тек жұмыс істейтіндер үміткер бола алатынын естен шығармау керек", — деді Елбасы Астанада жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде. 

Назарбаев жастардың мемлекетке көмектесетін уақыты келгенін айтты. 

"Жалға берілетін тұрғын үй секторын дамыту – әлемдік тәжірибе. Кеңес Одағында біз пәтерге "байланып" қалатын едік. Ешқайда кете алмайсың, өйткені пәтер сенікі емес, мемлекеттікі, басқа жерде ешкім саған баспана бермейді. Солай болатын", — деп еске алды президент. 

Жастарды баспанамен қамту мәселесін, ең алдымен, миллион халқы бар үш қаладан бастауды тапсырған Назарбаев болашақта мұндай шаһарлардың қатары көбеюі керектігін атап өтті. 

Айта кетсек, бүгін Астанадағы "Нұр Әлем" павильонында президент жастар жылын ресми түрде ашты. 

Шараға "100 жаңа есім" байқауының жеңімпаздары, "Болашақ" бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар, студенттер мен жұмысшы жастар, жас спортшылар, дарынды балалар, танымал блогерлер мен вайнерлер, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектер, ерекше қажеттілігі бар жастар, жас әскери қызметшілер қатысып жатыр. 

Қонақтар арасында қазақстандық әнші Димаш Құдайберген, Әмре, Қуандық Рахым, шахматшы Жансая Әбдімәлік, актриса Құралай Анарбекова, актер Асылхан Төлепов та бар. 

Былтыр 5 қазанда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған болатын.

2907
Кілт сөздер:
жастар жылы, "7-20-25" бағдарламасы., тұрғын үй, баспана, Шымкент, Алматы
Тақырып бойынша
"7-20-25": қазақстандықтарға баспана сатып алу үшін 110 миллион доллар берілді
Қазақстанда "Баспана Хит" бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау басталды
Мемлекеттік бағдарлама аясында баспана алушылардың тізімі жарияланды
Зейнеткерлер мен оралмандар тегін баспана алушылар тізімінен алынып тасталады
Шымкентте баспана алуға пайызсыз несие беріледі
Зейнетақы қорындағы ақша баспана алуға беріле ме?
Назарбаев Шымкенттегі тойлар туралы: бұл ақшаны жастарға баспана алуға беру керек
Осы аптадан бастап қазақстандықтарға баспана үшін миллион теңгеден беріледі
Загрузка...