Данияр Ақышевпен кездесу

Теңге қандай күйде: Назарбаев Ұлттық банк қызметін сынға алды

372
(Жаңартылды 12:20 29.01.2019)
Қазақстан президенті экономикалық көрсеткіштердегі алға ілгерілеушілікті атап өтіп қана қоймай, Ұлттық банк жұмысындағы кемшіліктерге назар аударды

АСТАНА, 25 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында мемлекет басшысына Ұлттық банктің 2018 жылы атқарған жұмысының қорытындысы жөнінде есеп беріліп, елдегі валюта-қаржы нарығының қазіргі ахуалы туралы баяндалды.

Елбасы бірқатар экономикалық индикаторлардың оң қарқынмен өсіп келе жатқанын атап өтіп, инфляция деңгейін төмендету үшін қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі туралы мәселеге тоқталды.

"5,3 пайыз деңгейіндегі инфляция – бұл жақсы көрсеткіш. Бірақ, бұған экономиканың тиімділігінен емес, нарықтағы өтімділік көлемінің қысқаруы есебінен қол жеткізіліп отыр. Ұлттық банк пен Үкіметтің бұл бағыттағы жұмысы нашар. Қаражатты айналымнан шығару арқылы инфляцияны одан әрі төмендетуге болады, бірақ бұл шешімнің экономикаға қалай әсер ететіні белгісіз. Сонымен қатар, ұзақ мерзімді несиелердің азайғанын байқауға болады", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті қолданыстағы заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізілгеніне тоқталып, Ұлттық банк тарапынан бұл салаға тиісті бақылау жүргізілуі қажет екенін айтты.

Данияр Ақышев Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған жолдауында айтылған қайта өңдеу өнеркәсібін несиелеу жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы туралы әңгімеледі.

Сондай-ақ, Ұлттық банк төрағасы Қазақстан президентіне ұлттық валюта бағамының өзгеруіне ықпал ететін факторлар туралы баяндады.

"Теңгенің АҚШ долларына шаққандағы айырбас бағамы жыл ішінде 15,6 пайызға төмендеді. Бұған, негізінен, сыртқы факторлар себепші болды. Әлемдегі мұнай бағасы өте құбылмалы болып отыр. Сыртқы жағдайлар, соның ішінде қолдаушылық пен санкциялық саясат та тұрақты емес. Дей тұрғанмен, еркін айырбас бағамы режімі барлық ауыртпалықты жеңілдетіп, өткен жылдың соңында 30,9 миллиард АҚШ долларын құрайтын алтын валюта резервін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Ұлттық қордың шетел валютасындағы активі 57,7 миллиард АҚШ долларына жетті", – деді Елбасы.

Данияр Ақышев қаржы нарығын несиелеу және сауықтыру үшін атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімдеді.

"Біз қаржы секторын жақсарту арқылы нарыққа лайықты қатысушылардың жұмысын ілгерілетуге мүмкіндік береміз. Тиісті шаралар қабылданғаннан кейін несие көлемі айтарлықтай артады деп ойлаймыз. Бұл көрсеткіш 2019 жылы 10 пайызға өседі деп болжамдап отырмыз. Бұл номиналды ішкі жалпы өнімнен жоғары. Тиісінше, несиелердің қол жетімділігі артып, бірте-бірте жағдай жақсара түседі. Біз келешекте проблемалар туындатуы мүмкін күрт өсімнен гөрі теңгерімді өсімді мақұл көреміз", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

372
Кілт сөздер:
экономика, теңге, Ұлттық банк, Назарбаев, Данияр Ақышев
Тақырып бойынша
Қазақстанда желтоқсанда орташа айлық жалақы 174 мың теңге болды
Назарбаев: Қазақстанда бір отбасы орташа 500 мың теңге табыс табады
310 мың теңге. Жалақысы ең жоғары өңірлер белгілі болды
Ұлттық валютаға 25 жыл: Теңге Ұлыбританиядан неге құпия түрде жеткізілді?
Ұлттық банк таяуда қандай теңге купюралары айырбасталмайтынын хабарлады
Теңге, ақша

Енді қазақстандықтар үйден шықпай-ақ банктерден кредит ала алады

5269
Жаңа жүйе "бет-әлпетті тану" технологиясы бойынша жұмыс істейді, оның көмегімен төлем картасын да шығаруға болады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық банк 1 қазаннан бастап қаржылық қызметтерді алуға арналған қашықтан биометриялық сәйкестендіру жүйесін іске қосады.

"Қазақстан ұлттық банкі 2020 жылдың 1 қазанынан бастап қаржылық қызметтерді алу үшін қашықтан биометриялық сәйкестендіру сервисін өндірістік пайдалануға қосады. Бұл сервисте "бет-әлпетін тану" технологиясын қолдана отырып, қаржы ұйымына бармай-ақ, қаржылық қызметтерді алу мүмкіндігі көзделген", - делінген хабарламада.

Енді қазақстандықтар үйден шықпай-ақ, биометриялық сәйкестендірудің көмегімен банкте шот немесе депозит ашып, төлем карталарын шығара алады, кредит алуға да мүмкіндік бар.

"Қашықтан биометриялық сәйкестендіруді енгізу әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдай аясында жаңа сын-қатерлерге жауап береді. Қаржы қоғамдастығының сервисті пайдалануы халыққа қашықтан көрсету тәсілімен ұсынылатын қызметтер тізімін кеңейтеді", - деді ұлттық банк төрағасының орынбасары Есжан Біртанов.

Жаңа сервис банктермен қоса, сақтандыру компанияларына, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына, төлем және микроқаржы ұйымдарына да қолжетімді.

Ұлттық банк сервисті қаржы нарығының қатысушыларымен бірлесіп әзірледі. Жүйе осы жылдың сәуірінде пилоттық режимде іске қосылған болатын. Осы уақыт ішінде биометриялық сәйкестендіру екінші деңгейлі 11 банкке халыққа 2,8 миллион қызмет көрсетуге мүмкіндік берді.

Жаңа жүйенің операторы – ұлттық банктің еншілес ұйымы "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" РМК.

5269
Кілт сөздер:
кредит, клиенттер, Ұлттық банк
Тақырып бойынша
Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты мәлімдеме жасады
Ұлттық банк 3 қазаннан кейін кейбір банкноттарды қабылдауды тоқтатады
Ұлттық банк экономикаға қатысты болжамын өзгертті
Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім қабылдады
Ақша, теңге, доллар

Қазақстанның айырбастау пунктерінде доллар қымбаттады

640
Шымкенттің валюта айырбастау пунктерінде долларды 432 теңгеге сатып жатыр. Ал Ұлттық банктің 29 қыркүйектегі ресми бағамы 428,35 теңгені құрады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның валюта айырбастау пунктерінде доллар қымбаттады – қазір ол 430-431 теңгеге сатылып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ал Ұлттық банктің 29 қыркүйектегі ресми бағамы 428,35 теңгені құрады. Демалыс және дүйсенбі күндері ұлттық валютаның долларға шаққандағы ресми бағамы 426,32 теңге болған еді.

Нұр-Сұлтан

Kurs.kz мәліметінше, Нұр-Сұлтанның айырбастау пунктерінде доллар орташа есеппен 429,5 теңгеге сатып алынуда, ал 431 теңгеге сатылып жатыр.

Еуроны 500 теңгеге сатып алуға болады, сату бағамы – 505-506 теңге.

Рубль 5,45 теңгеге сатып алынуда, ал 5,70 теңгеге сатылып жатыр.

Алматы

Алматының валюта айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы - 429 теңге, 431 теңгеге сатылып жатыр.

Еуроны 502 теңгеге сатып алуға болады, 505 теңгеге сатылуда.

Рубль 5,45 теңге тұрады, ал 5,55 теңгеге сатылуда.

Шымкент

Шымкентте бір доллар орта есеппен 429,5 теңгеге сатып алынуда, 432 теңгеге сатылып жатыр.

Еуроны 501 теңгеге сатса, 505 теңгеге сатып алады.

Рубльді 5,4 теңгеге сатып алуға болады, сату бағасы – 5,55 теңге.

Мұнай нарығы

Brent маркалы мұнай бүгінгі таңда барреліне 42,71 доллар тұрады, барреліне 0,4%-ке төмендегені байқалып отыр.

WTI маркалы мұнай бағасы  – барреліне 40,41 доллар. "Қара алтын" 0,47%-ке арзандады.

640
Кілт сөздер:
айырбастау, доллар
Махамбет Досмұхамбетов

Атырау облысының әкімі орынбасарының кінәсі дәлелденсе, қызметінен кетуге дайын

0
Әкімнің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 420 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев шынымен де кінәлі деп танылып, сот үкімі шықса, қызметінен кететінін мәлімдеді.

Әкімнің орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 182 миллион теңге (420 мың доллардан астам) көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазды "Ақ Жайық" басылымы.

"Заң бәріне ортақ. Егер тергеу аяқталып, сот оны кінәлі деп тапса, онда мен заңға сәйкес, отставкаға кетуге дайынмын. Оны қабылдай ма, жоқ па, президент өзі шешеді", - деді әкім Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қарашасында "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға түзетулер енгізілді, оған сәйкес қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін басшы қызметінен кетуге міндетті.   

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұған дейін заң аясында қандай қызметкерлер тікелей бағынышты ретінде қарастырылатынын түсіндірген болатын.

0
Кілт сөздер:
отставка, әкім, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Нұр-Сұлтанда әкім қызметінен кетті
Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды
Тоқаевтың тапсырмасы: облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі отставкаға кетті