Астана банкінің салымшылары

"Астана банк" салымшыларына ақшасын қайтара бастады бөлімшелерде не болып жатыр

179
(Жаңартылды 12:20 29.01.2019)
"Астана банк" клиенттері 5-10 миллион теңге көлеміндегі ақшаларын қайтарып ала алады

АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik. Жабылған "Астана банк" салымшылары 26 қаңтардан бастап кепілдендірілген төлемдерді ала бастады. Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры ақша қайтару операторы ретінде "Еуразиялық банкті" таңдаған, деп хабарлайды тілшісі.

"Астана банк" салымшыларына қанша ақша қайтарды

Сағат 12:00-дегі жағдай бойынша республикада "Астана банк" салымшыларына 8,5 миллиард теңге (22 506 725 доллар) берілді. Бұл туралы тілшісіне "Еуразиялық банк" АҚ жеке бизнес жөніндегі директордың орынбасары Шынар Кадралина айтып берді.

"Астана қаласы бойынша 1,5 мың клиентке қызмет көрсеттік. Алдын ала дайын болғандықтан, шу болған жоқ. Қонаев 14-3 мекенжайы бойынша қосымша орталық ашып, барлық клиентке қызмет көрсетілді. Барлығы уақытылы жасалып жатқандықтан, дәл қазір кезекте тұрғандар жоқ десек те болады", — дейді Кадралина.

Жалпы "Астана банкінің" 275 мың клиентінің шотына 37,5 миллиард теңге (99 294 375 доллар) қайтарылуы тиіс болатын.

"Еуразиялық банкке" келген клиенттер

Әлеуметтік желіде блогер Тәңірберген Бердонғаров Петров көшесінің бойында орналасқан "Еуразиялық банкте" болып жатқан жағдай туралы видео бөлісті. Ер адам адамдардың сол жерде мазаққа айналып жатқаны туралы мәлімдеді.

Тағы оқыңыз:

"Видео түсіріліп жатқан кезде бөлімшеде 70 клиент болды. Бөлімше басшысы қауіпсіздік шарасы ретінде терезе қақпағын жаппақ болды. Өкінішке орай, клиенттер келген екен. Осы видеоны түсірген адам әдейі иіліп, терезе қақпағының астынан өтті", — деді "Еуразиялық банктегілер".

Банктегілер клиенттерден тиісті емес жерлерден кіруін өтінбегенін айтып сендірді. Мәлімдемеде келушілердің өз кезегін терезе қақпағының сыртында күткенін айтады.

Банк сыртында полиция күзетіп тұр

Осы уақытта Ақтауда "Еуразиялық банкті" полицейлер күзеткен. Сондай-ақ, халықтың қауіпсіздігі үшін жедел жәрдемдер де болды, деп жазады "Лада" басылымы.

"Астана банкінің" клиенттері кепілдендірілген төлемақыларын қалай ала алады

Клиенттер өздеріне тиесілі төлемдерді "Еуразиялық банктің" кез келген бөлімшесі арқылы ала алады. Олардың мекенжайы төмендегідей:

Астана қаласы, Қонаев көшесі, 14-3;

Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі, 50-52;

Алматы қаласы, Төле би көшесі, 187 а;

Шымкент қаласы, Абай ауданы, Темірлан тасжолы, 1В;

Ақтау қаласы, №5 ықшам аудан, 45-ғимарат;

Атырау қаласы, Құлманов, 107;

Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 66;

Қарағанды қаласы, Әбдіров даңғылы, 3-2;

Павлодар қаласы, Набережная көшесі, 3;

26 қаңтарда барлық бөлімше мен филиал сағат 08:00-ден бастап 22:00-ге дейін, 27 қаңтарда сағат 08:00-ден бастап 20:00-ге дейін жұмыс істейді (тек "Астана банкінің" салымшылары үшін)

Төлемдер қай күнге дейін беріледі

Кепілдендірілген төлемдерді беру 2019 жылдың 26 қаңтарынан бастап 26 шілдесіне дейін жалғасады.

"Астана банкінде" депозит, шот және төлем карталарын ашқан жеке тұлғалар, жекеменшік кәсіпкерлер ақшасын қайтара алады.

Көлемі мен валютаға байланысты қалай қайтарылатыны белгіленген:

  • жеке шотқа, депозитке, төлем картасына салынған 10 миллион теңгеге дейінгі сома ұлттық валютада;
  • 5 миллион теңгеге дейінгі салым мен шоттағы ақша шетелдік валютада қайтарылады.

Кепілдендірілген төлем тек ұлттық валютада беріледі. Шетелдік валютадағы ақша ұлттық банктің 2019 жылғы 9 қаңтардағы курсы бойынша есептеледі: бір доллар — 373,66 теңге.

Ақша қалай қайтарылады

  • "Еуразиялық банк" АҚ-да ашылған депозит немесе карта шоты арқылы;
  • "Еуразиялық банктегі" жаңа ашылған депозит немесе шот арқылы;
  • "Еуразиялық банктегі" жаңа картаға аударылады;
  • касса арқылы қолма-қол алады;
  • басқа банкке аударады.

"Астана банкінің" қайтаратын ақшасы туралы ақпаратты "Еуразиялық банктің" сайтынан ЖСН нөмірі арқылы алуға болады.

"Астана банкі" неге жабылды

Аталған банк 2008-2018 жылдар аралығында жұмыс істеді. Өткен жылдың сәуір айында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана банк", Qazaq bank және "Эксимбанктің" қаржылай көрсеткіші тым нашар екенін айтты. Бұл жағдайға президент банк акционерлерін кінәлады.

179
Кілт сөздер:
клиенттер, депозит, банк, ақша, төлемақы, Астана
Тақырып бойынша
Ұлттық банк таяуда қандай теңге купюралары айырбасталмайтынын хабарлады
Ұлттық банк "7-20-25" бойынша қай кезде ипотека берілмейтінін түсіндірді
Зейнетақы қорындағы қаржы бес жылдан соң таусыла ма? Ұлттық банк жауап берді
Ұлттық банк қазақстандықтарға долларға қатысты кеңес берді
Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылдады
Халық банк қазақ тілінің орнына неге қытайша қызмет көрсетілгенін түсіндірді
Ұлттық банк теңге бағамына қатысты мәлімдеме жасады
Загрузка...