Нұрсұлтан Назарбаев

"Кім көрінгенге бердік!" Назарбаев Ақышевқа неге ашуланды?

2644
(Жаңартылды 14:51 30.01.2019)
Президент Ұлттық банк пен үкімет тарапынан мемлекет қаржысының жұмсалуы тиісті деңгейде бақыланбайтынын сынға алды

АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев "нашар" несиелер туралы баяндады, деп хабарлайды тілшісі. 

Ақышев экономиканың басымдыққа ие секторларын несиелеу үшін 600 миллиард теңге бөлу тетігі іске қосылғанын атап өтті. 

"Несиелеу тетіктері белгіленді. Алғашқы банк несиелеуге арналған қаржыны игере бастады. Бұған қоса, Ұлттық банк әлсіз банктерден тазарту жұмысын жүргізді", — деді банк басшысы. 

Осы орайда Қазақстан президенті 600 миллиард теңгенің қандай нысандарға жұмсалатынын сұрады. 

"Бұл 600 миллиард теңге – бизнесті дамытуға. Қаражат ұзақмерзімді жобаларға бағытталуы тиіс. Қандай нысандарға жұмсалатынын анықтадыңдар ма? Егер маңызды әрі бізге қажетті кәсіпорындар мен өнімдерге жұмыс істесек, бұл бағдарламаны жалғастыра аламыз", — деді Назарбаев. 

Президент егер ақша нашар компанияларға берілсе, бұрынғы жағдай тағы қайталанатынын айтты.

Ақышевтің айтуынша, соңғы он жылда экономикадағы банктердің кредиттері 5,5 триллион теңгеге ұлғайған.  

"Бұл өсімнің 70 проценті. Осы уақыт аралығында 7 банкті тарату мен 2 банкті сауықтыру есебінен барлық 5 триллион теңге кешірілді. Яғни, қарыз алғандар осы уақыт бойы кредиттерді қайтармаған. Сөйтіп кредиттер бірте-бірте проблемалық несиеге айналған", — деді Ұлттық банк төрағасы. 

Назарбаев бұған үкімет пен Ұлттық банктің өзі кінәлі екенін айтты.  

"Біз өзіміз дұрыс басқарған жоқпыз, жөнді бақылаған жоқпыз. Ақшаны желге ұшырған компанияларға берудің не керегі бар еді? Мұны біз – Ұлттық банк, екінші деңгейлі банктер мен үкімет бақылаған жоқпыз. Кім көрінгенге бердік. Олар қайта несие алды, қайтара алмаса да, оларға тағы субсидия береді. Әлемде кім бұлай жұмыс істейді?", — деп ашуланды Елбасы. 

Ақышев президенттің сөзімен келісті. 

"Өте дұрыс айтасыз, біз  статистиканы қарадық. Кредиттерін қайтармаған кәсіпорындардың дені әлі де жұмыс істеп тұр. Әсіресе, бұл шағын бизнеске қатысты. Көбісінің жеке капиталы жоқ, бірақ жаңа арзан кредит талап етеді. Барлығына қайта несие берілді. Берешек өсіп жатыр", — деп жауап берді Ұлттық банк басшысы. 

Президент әр акционер өз банкін тонап, кейін мемлекет оның артынан жүгіріп жүретінін айтты. 

"Енді оларға несие беріп жүре береміз бе, жоқ әлде тәртіп орнатамыз ба? Қанша пайызын қайтармады. Солай жүре бере ме сонда? Бұл қылмыстық іс болуы керек және мемлекет барлық мүмкіндіктермен оны қайтаруы тиіс. Мен "жеке қадағалау комитеті" керек дегенімде, сен "мен өзім істеймін" деген едің. Міне, бақыла енді. Заң қабылдадық. Әр акционер өз банкін тонап, кейін біз оның артынан қуып жүреміз. Біз сонда қайда болдық? Жұмыс нашар", — деді Назарбаев.

2644
Кілт сөздер:
несие, Ұлттық банк, Данияр Ақышев, Назарбаев
Тақырып бойынша
Ешкі фермасын басқаратын 27 жастағы қыз Назарбаевтан жер сұрады
"Папамды қайтарыңызшы". Ақорданың алдына келген бала Назарбаевтан көмек сұрады
Трамп Назарбаевтан не сұрады: Елбасы АҚШ президентімен арада болған әңгіме туралы айтты
Жүрсін Ерман айтысқа қатысты: Елбасы маған жеке тапсырма берді
Елбасы 2068 жылғы ұрпаққа хат жазып қалдырды
Елбасы ұстаздардың мәртебесі туралы заң қабылдауды тапсырды
Қазақ дәл қазіргідей ешқашан өмір сүрген жоқ – Елбасы
Теңге, ақша

Енді қазақстандықтар үйден шықпай-ақ банктерден кредит ала алады

5266
Жаңа жүйе "бет-әлпетті тану" технологиясы бойынша жұмыс істейді, оның көмегімен төлем картасын да шығаруға болады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық банк 1 қазаннан бастап қаржылық қызметтерді алуға арналған қашықтан биометриялық сәйкестендіру жүйесін іске қосады.

"Қазақстан ұлттық банкі 2020 жылдың 1 қазанынан бастап қаржылық қызметтерді алу үшін қашықтан биометриялық сәйкестендіру сервисін өндірістік пайдалануға қосады. Бұл сервисте "бет-әлпетін тану" технологиясын қолдана отырып, қаржы ұйымына бармай-ақ, қаржылық қызметтерді алу мүмкіндігі көзделген", - делінген хабарламада.

Енді қазақстандықтар үйден шықпай-ақ, биометриялық сәйкестендірудің көмегімен банкте шот немесе депозит ашып, төлем карталарын шығара алады, кредит алуға да мүмкіндік бар.

"Қашықтан биометриялық сәйкестендіруді енгізу әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдай аясында жаңа сын-қатерлерге жауап береді. Қаржы қоғамдастығының сервисті пайдалануы халыққа қашықтан көрсету тәсілімен ұсынылатын қызметтер тізімін кеңейтеді", - деді ұлттық банк төрағасының орынбасары Есжан Біртанов.

Жаңа сервис банктермен қоса, сақтандыру компанияларына, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына, төлем және микроқаржы ұйымдарына да қолжетімді.

Ұлттық банк сервисті қаржы нарығының қатысушыларымен бірлесіп әзірледі. Жүйе осы жылдың сәуірінде пилоттық режимде іске қосылған болатын. Осы уақыт ішінде биометриялық сәйкестендіру екінші деңгейлі 11 банкке халыққа 2,8 миллион қызмет көрсетуге мүмкіндік берді.

Жаңа жүйенің операторы – ұлттық банктің еншілес ұйымы "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" РМК.

5266
Кілт сөздер:
кредит, клиенттер, Ұлттық банк
Тақырып бойынша
Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты мәлімдеме жасады
Ұлттық банк 3 қазаннан кейін кейбір банкноттарды қабылдауды тоқтатады
Ұлттық банк экономикаға қатысты болжамын өзгертті
Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім қабылдады
Ақша, теңге, доллар

Қазақстанның айырбастау пунктерінде доллар қымбаттады

640
Шымкенттің валюта айырбастау пунктерінде долларды 432 теңгеге сатып жатыр. Ал Ұлттық банктің 29 қыркүйектегі ресми бағамы 428,35 теңгені құрады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның валюта айырбастау пунктерінде доллар қымбаттады – қазір ол 430-431 теңгеге сатылып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ал Ұлттық банктің 29 қыркүйектегі ресми бағамы 428,35 теңгені құрады. Демалыс және дүйсенбі күндері ұлттық валютаның долларға шаққандағы ресми бағамы 426,32 теңге болған еді.

Нұр-Сұлтан

Kurs.kz мәліметінше, Нұр-Сұлтанның айырбастау пунктерінде доллар орташа есеппен 429,5 теңгеге сатып алынуда, ал 431 теңгеге сатылып жатыр.

Еуроны 500 теңгеге сатып алуға болады, сату бағамы – 505-506 теңге.

Рубль 5,45 теңгеге сатып алынуда, ал 5,70 теңгеге сатылып жатыр.

Алматы

Алматының валюта айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы - 429 теңге, 431 теңгеге сатылып жатыр.

Еуроны 502 теңгеге сатып алуға болады, 505 теңгеге сатылуда.

Рубль 5,45 теңге тұрады, ал 5,55 теңгеге сатылуда.

Шымкент

Шымкентте бір доллар орта есеппен 429,5 теңгеге сатып алынуда, 432 теңгеге сатылып жатыр.

Еуроны 501 теңгеге сатса, 505 теңгеге сатып алады.

Рубльді 5,4 теңгеге сатып алуға болады, сату бағасы – 5,55 теңге.

Мұнай нарығы

Brent маркалы мұнай бүгінгі таңда барреліне 42,71 доллар тұрады, барреліне 0,4%-ке төмендегені байқалып отыр.

WTI маркалы мұнай бағасы  – барреліне 40,41 доллар. "Қара алтын" 0,47%-ке арзандады.

640
Кілт сөздер:
айырбастау, доллар
Махамбет Досмұхамбетов

Атырау облысының әкімі орынбасарының кінәсі дәлелденсе, қызметінен кетуге дайын

0
Әкімнің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 420 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев шынымен де кінәлі деп танылып, сот үкімі шықса, қызметінен кететінін мәлімдеді.

Әкімнің орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 182 миллион теңге (420 мың доллардан астам) көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазды "Ақ Жайық" басылымы.

"Заң бәріне ортақ. Егер тергеу аяқталып, сот оны кінәлі деп тапса, онда мен заңға сәйкес, отставкаға кетуге дайынмын. Оны қабылдай ма, жоқ па, президент өзі шешеді", - деді әкім Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қарашасында "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға түзетулер енгізілді, оған сәйкес қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін басшы қызметінен кетуге міндетті.   

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұған дейін заң аясында қандай қызметкерлер тікелей бағынышты ретінде қарастырылатынын түсіндірген болатын.

0
Кілт сөздер:
отставка, әкім, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Нұр-Сұлтанда әкім қызметінен кетті
Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды
Тоқаевтың тапсырмасы: облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі отставкаға кетті