Қазақстан Қырғызстан мен Өзбекстаннан кей өнімдерді әкелуге тыйым салды

291
Көршілес елдерден картоп, алма, құрма және анар тасымалдауға уақытша шектеу қойылады

АСТАНА, 20 ақпан — Sputnik. Қазақстан уақытша карантиндік фитосанитарлық шаралар қолданып, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасынан кейбір өнімдерді әкелуге тыйым салды, деп хабарлады агроөнеркәсіп кешенінің мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Алмасбек Марс.

Қырғызстаннан азық-түліктік және тұқымдық картоп, алма, құрма әкелуге, сондай-ақ Өзбекстаннан анар жемісін тасымалдауға шектеу қойылады.

"Соңғы кездері Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасынан жеткізілетін өнімдердің карантинге жатқызылуы жиілеп кетті, дәлірек айтқанда алма, құрма және анардан Комсток құрты, картоптан алтын түстес картоп нематоды табылды. 2018 жыл мен биылғы қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға Қырғыз Республикасынан жеткізілген карантинге жатқызылған жүктерді тексеру барысында бірыңғай карантиндік фитосанитарлық талаптарды бұзудың 465 жайты тіркелген, оның ішінде карантинге жатқызылған өнімнің 59 рет карантиндік объектілермен зақымдануы анықталды", - деп атап өтті Алмабек Марс.

Қырғыз елінен әкелінетін қауіпті азық-түліктер

Жылдың соңғы айында Өзбекстан аумағынан жеткізілген анардан Комсток құрты табылыпты.

Қырғызстаннан жеткізілген киім-кешектен улы зат табылды

291
Кілт сөздер:
тасымалдау, азық-түлік, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан
Тақырып бойынша
Оралда дүкеннен сатып алынған торт отбасын шошытты
Қазақстандықтардың тамаққа қанша ақша жұмсайтыны белгілі болды
Қазақстанда азық-түлік бағасы күрт қымбаттады
Астанада ірі супермаркеттің жертөлесіндегі сұмдықтың беті ашылды
Қазақстанға арналған инсулин Өзбекстанда сатылып жатыр: Министрлік ҰҚК-ге жүгінді
Загрузка...