Ерболат Досаев

Ұлттық банктің жаңа төрағасы Досаев мәлімдеме жасады

1940
(Жаңартылды 11:16 26.02.2019)
Қазақстанның Ұлттық банкі импортты азайтуға қатысты мәселелерді талдайтын болады

АСТАНА, 25 ақпан — Sputnik. Ұлттық банктің жаңа басшысы Ерболат Досаев сенат отырысында қаржы реттеушісі бизнестің қаржыландыру мен кредиттеуге қол жетімділігін қалай арттыратыны туралы мәлімдеді.

Сенатор Дариға Назарбаева бизнеске берілетін кредиттің пайыздық мөлшерлемесін 5-7%-ға дейін төмендетуге бола ма деп сұрады.

"Бүгін мөлшерлемені сол деңгейге дейін төмендетеміз деп айту қиын. Бірақ үкіметпен бірге тиімді құрал ұсынуға мүмкіндік бар. Мысалы, қарапайым заттар экономикасы саласындағы жобаларды жүзеге асыру үшін бөлінген 6 миллиардқа қатысты мемлекет басшысының берген тапсырмалары", - деді Досаев.

Импортты азайту және шектеу бағдарламаларына қатысты мәселелер талқыланатын болады, деп атап өтті ол.

Бұрын хабарланғандай, Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/- 1% дәлізінде 9,25% етіп сақтауға шешім қабылдаған болатын.

Дүйсенбіде сенаттың 45 депутаты Ұлттық банктің төрағасы қызметіне Ерболат Досаевтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдады. Досаев сенаторларға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, мойынына үлкен жауапкершілік артылғанын атап өтті.

"Бәріміз сізді құттықтаймыз, Елбасы мен сенаттың сенімін ақтайсыз деген үміттеміз. Бұл міндетті лайықты орындайтын боласыз деп сенеміз", - деді сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бұрын Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты отставкаға жіберіп, қаржы реттеушісінің басшысы қызметіне Ерболат Досаевтың кандидатурасын ұсынған.

Данияр Ақышев отставкаға кетті

1940
Кілт сөздер:
мәлімдеме, Ұлттық банк, Ерболат Досаев
Тақырып бойынша
Үкіметтің жаңа құрамы: бүгін тоғыз жаңа министр тағайындалуы мүмкін
Назарбаев ақпарат және коммуникациялар министрлігін таратып жіберді
"Адал әрі тәжірибелі азамат": Назарбаев бұрынғы премьер-министр Сағынтаев туралы айтты
Қазақстанда тағы бір министрлік қайта ұйымдастырылды
Назарбаев депутаттардың алдында Сағадиевті мақтады
газ

Газ нарығының болашағы қандай?

39
Газ нарығы біртіндеп қайта қалпына келуде: Еуропадағы және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы сұйытылған табиғи газ нарығына (СТГ) қатысты биржа бағасы сәйкесінше мың текше метрге 130-150 долларды құрады

Бағаның өсуіне сұраныс пен ұсыныстың да артуы түрткі болып отыр. Осы жылдың сегіз айында СТГ-нің жалпы импортының мөлшері 1,3 пайызға ғана артқанымен, өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда едәуір жоғары. Шілде және тамыз айларында Үндістан мен Қытайда да СТГ импортының күрт өсуі байқалған, деп жазады РИА Новости.

Яғни, қарапайым бағалау жүргізетін болсақ, газға деген сұраныстың аз болғанына қарамастан (қазір мұны Ресейдің Еуропаға жеткізетін экспортынан да байқауға болады, ал Қытай Орта Азиядан газ импортын азайтып жатыр) СТГ-ге деген әлемдік сұраныс өткен жылдың деңгейінде тұрғанын байқауға болады. Дегенмен, бұған дейін инвестиция құйылған зауыттардың құрылысы аяқталып (негізінен АҚШ), тетігі іске қосылғандықтан, СТГ нарығының қуаты да орасан болып тұр.

Сондықтан бағаны тұрақтандыруға ұсыныстар тарапынан жіберілетін сәтсіздіктер де ықпал етіп отыр: Австралиядағы Prelude  зауыты бұрынғыдай жұмыс істемейді (техникалық ақауларға байланысты), бұл елде сондай-ақ, Gorgon LNG-нің бір желісі тоқтап тұр. Ал АҚШ туралы бұған дейін көп айтылды. 

Газға белгіленген бағаның төмендігі оның шығындарын да ақтаған жоқ, ал жазда СТГ-ні жеткізу көлемі зауыттардың жоспарланған қуатының жартысына дейін және одан да төмен құлдырады.  Соған қарамастан, қазір табиғи газға деген әлемдік бағаның өсуімен қатар, экспорт та біртіндеп қалпына келуі мүмкін, бірақ бұған дейін қалыптасқан жағдайға тез оралу қиындық тудырып тұр. Алдағы айларда АҚШ экспортының өсуі бағаның аспандауына ықпал етуі мүмкін.

Яғни, бағаны қалпына келтіру әлі де тұрақсыздық деңгейінде қалып отыр, дегенмен, кейбір болжамға сәйкес, жылыту маусымында Азиядағы баға мың текше метрге 200 доллардан да асып кетуі мүмкін. Бұл баға барлық өндіруші үшін ұзақ мерзімге дейін сақталады деген болжам бар.

Бірақ биылғы жыл өткен кезеңдермен салыстырғанда күрделі болғаны анық, ендеше ұзақ мерзімге қорытынды жасауға да болмайды. Дегенмен, барлығын жағдайдың алдағы уақытта қалай өрбитіні алаңдататыны анық. Бір қызығы, биыл соңғы жиырма жылда алғаш рет газ сұйылтатын жаңа зауыттардың құрылысын салу туралы бірде-бір жаңа инвестициялық шешім қабылданған жоқ. Еске салайық, өткен жылы 2016-2018 жылдар аралығын қамтыған үш жылдық үнсіздіктен кейін, 2011-2015 жылдардағы тетіктерді қайта инвестициялау есебінен инвестициялық шешімдердің рекордтық деңгейі тіркелген еді. 

Неліктен бұлай болады? Жауабы қарапайым: барлық мұнай-газ компаниялары кірісінің көп мөлшерінен айырылды, сондықтан инвестициялық бағдарламаларының санын барынша қысқартуда. Бірақ, инвестиция көлемі жалпы көлемнің тек үштен біріне дейін қысқарды.

Мұның тағы бір жауабы бар - соңғы жылдары СТГ нарығы қарама-қайшы бағытта дамып келеді. Бір жағынан, қазіргі кезде газға деген тапшылықтың туындамайтынын аңғарсақ, екінші жағынан, болашақта бұл мәселеде бәсекелестіктің артатынын да (Катар, АҚШ, Ресей, Шығыс Африка) көріп отырмыз. Әрине, мұның бәрі бағаның жоғарылауына әсер етпейді және жаңа жобаларға инвестиция салуға да итермелемейді.  Дегенмен, сарапшылар газ нарығының болашағы зор екенін (газға деген сұраныс өсіп отырады) алға тартуда. Ал бұл нарықты дамыту драйверлерінің бірі – оған СТГ-ге біртіндеп ойыса бастаған мұнай-газ трансұлттық корпорацияларын қатыстыру.

Мәселен, мұнай бағасы аспандап тұрған кезде (сол кезде бұл жағдай ұзақ мерзімге сақталатындай көрінген), мұнай-газ компаниялары жалпы кірістер себетінен сұйылтылған газға қаражат салуы немесе зауыттарға тікелей инвестициялар арқылы немесе жанама түрде, портфолиосындағы ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша СТГ-ні сатып алуы мүмкін еді. Бұл СТГ нарығына қатысушылардың зауыт құрылысына аз мөлшерде болсын несие алуына мүмкіндік беретін.

Қазір бағаның төмендеуіне байланысты, мұнай-газ саласындағы трансұлттық компаниялардың мұндай жұмыстарды дөңгелетуіне шамасы жетпей қалды. Сондықтан, кейбірі жасыл инвестиялық жобаларға ден қоя бастады. Сұйытылған табиғи газға адал мұнай алпауыттарының да жағдайы мәз емес. Бұған қаржылық әлеуеті төмендеген ExxonMobil-ді мысалға келтіруге болады.

Бұл компания екі ауқымды СТГ жобасына инвестиция құюды көздеп отырған еді. Олар АҚШ-тағы Golden Pass LNG (Qatar Petroleum-мен бірлесе отырып) және Мозамбиктегі Rovuma LNG жобалары. Алайда, оларды жүзеге асыру мерзімі сол күйі белгіленген жоқ. Мәселен, америкалық зауыт туралы шешім қабылдау, кем дегенде 1 жылға, ал Мозамбиктегі жоба туралы шешім 2023 жылға дейін шегеріліп отыр. Папуа-Жаңа Гвинеядағы СТГ зауытын кеңейту жоспары де әлі күн тәртібінде қалып отыр. 

Қалған америкалық зауыттар, әрине, жаңа шешім қабылдауға асығар емес, өйткені қазір СТГ-ні сату бойынша ұзақ мерзімді келісімшарттар жасауға болатындай құрылыс жобаларына кепілдік беру қиын. Мәселен, Шығыс Африкадағы жағдай тоқтап тұр. Еске салайық, осы аймақтың шельфі (Мозамбик, Танзания) бұған дейін мұнай өндіруге болатын жаңа маңызды орталық ретінде қарастырылып келген еді. Ал Mozambique LNG СТГ зауыты (Total-дың бақылауында тұрған) құрылысының басталуына аймақтағы экстремистік топ үнемі кедергі келтіріп келеді, сондықтан, оның белгіленген мерзімде аяқталуы күмән тудырады. Ал Танзаниядағы зауыттарға қатысты жоспарлар туралы ешкім жақ ашпайды.

Егер Катардың бірден бірнеше жаңа зауыт салу туралы жоспары болмағанда, бұл салада қандай да бір ұсыныс пен ілгерілеушілікті күту мүмкін емес еді. Әрине, бұл елдің жобаларына қатысты ресми инвестициялық шешім әлі шыққан жоқ, бірақ алдын ала жұмыстар қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Ал сұйытылған табиғи газ құнының арзандауы Катардың құрылысты бағаға еш қарайламастан салуға мүмкіндік береді.

39
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев КСМ Техновид ЖШС кәсіпорнына барды

Президентке құрылыс материалдары өндірісінің технологиялық процесі көрсетілді

40
(Жаңартылды 17:28 25.09.2020)
Тоқаев Алматының Индустриялық аймағында орналасқан энергия үнемдейтін сәулеттік қасбеттер зауытының жұмысымен танысты

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жасаған жұмыс сапары аясында "КСМ Техновид" ЖШС  кәсіпорнына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

"Мемлекет басшысы қаланың Индустриялық аймағында орналасқан энергия үнемдейтін сәулеттік қасбеттер зауытының жұмысымен танысты", - делінген хабарламада.

Президентке кәсіпорынның өнімдері таныстырылып, құрылыс материалдары өндірісінің технологиялық процесі көрсетілді. Мұнда 250-ден астам адам жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев

Компанияның жобаға салған жеке инвестициясы 3,8 миллиард теңге. Зауыттың қуаттылығы жылына 475 мың шаршы метр шыныпакет шығаруға жетеді.

Сондай-ақ мемлекет басшысына Алматы индустриялық аймағының жағдайы мен даму перспективалары туралы айтылды. Мұнда жыл аяғына дейін құны 85 миллиард теңге болатын 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

40
Кілт сөздер:
Алматы, президент, құрылыс
Тақырып бойынша
Тоқаев жарлыққа қол қойды
Қазақстанда өнеркәсіпті дамыту қоры құрылды
Қазақстанда жалпыұлттық сауалнама басталды
Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды
базар, өрт, архив

Ақтауда базар өртенді видео

250
"Масат" базарындағы өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 68 қызметкері жұмылдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Ақтауда таңертең "Масат" азық-түлік базарынан өрт шықты. Өрт сөндірушілер жалынды үш сағат ішінде сөндірді, деп хабарлады Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментіне өрт туралы хабар сағат 7.55-те түскен. 17 бутик, 14 контейнер, 60 сауда сөресі отқа оранған. Өрттің жалпы аумағы – 750 шаршы метр.

Өрт сағат 10.27-де толығымен сөндірілген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жауды ауыздықтауға төтенше жағдайлар департаментінің 68 қызметкері мен 13 техника жұмылдырылды.

Еске сала кетсек, осы базар 2017 жылдың бірінші қаңтарында өртенген болатын. Өрттің жалпы аумағы шамамен 1,5 мың шаршы метрге жеткен еді.

250
Кілт сөздер:
өрт, видео