Нұрлан Нығматулин

"Мұның өзі жақсы" Нығматулин базар аралайтын министрді мақтады

143
Мәжілістің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин жаңа ұлттық экономика министрінің қызметіне ризашылығын білдірді

АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовке отандық тауар өндірушілерді қолдауды тапсырды.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында "Бір тараптан ЕАЭО мен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімде ратификациялау туралы" заң жобасы қаралды. Сұрақ-жауап барысында депутат Арман Қожахметов импорттық кеден баждарын төмендетуге қатысты сұрақ қойды.

"Келісімге сәйкес, ЕАЭО тарапынан мазут, мотор майы секілді мұнай өңдеу өнімдері, сондай-ақ, көкөніс, оның ішінде қызанақ, картоп, қияр, тәтті өнімдері мен бірқатар өнеркәсіптік тауарға баж мөлшері төмендетіледі. Бірақ, бұл тауарлар өз елімізде де өндірілетінін білеміз. Осы орайда менде мынадай сұрақ туындайды: баждың төмендеуі қазақстандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігіне керіс әсер етпей ме?",- деді Қожахметов.

Ұлттық экономика министрі Қазақстан кейбір тауарларды импорттауға мүдделі екенін атап өтті.

"Келісім жүргізген кезде, тараптар барынша көп жеңілдікке ие болғысы келеді. Иран тарапы бас кезінде мың тауар туралы мәселе көтерді, келіссөз барысында біз тауар санын 502-ге дейін қысқарттық. Біз тауар импортына мүдделі екенімізді атап өткім келеді, әсіресе цитрус, пісте, алма секілді азық-түлік түрлеріне", - деді Дәленов.

Жаңа ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов туралы не білеміз?

Ол жемістер мен мұнай өнімдері, құбырлар мен арматура бойынша баж мөлшері сәл ғана төмендегенін атап өтті.

"Бұл отандық тауар өндірушілер мен бәсекелестікке еш әсерін тигізбейді. Оның үстіне Қазақстан да Иранға экспорттайтын тауарлар бойынша жеңілдіктер алды. Бұл бидай, арпа, ет және тағы басқа бойынша. Аталған қазақстандық тауарлардың әлеуетті экспорты үш жыл ішінде екі еселеніп, шамамен 1 миллиард долларға жетеді", - деді министр.

Осы кезде сөзге мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин араласып, ұлттық экономика министрінен отандық тауар өндірушілерді қолдауды сұрады.

"Руслан Ерболатұлы, сұрақ өте дұрыс қойылды. Сіз қызмет кезінде базардағы суреттермен жүретініңізге қарағанда, базар аралайтын сияқтысыз. Мұның өзі жақсы. Қазақстандық тауар өндірушілердің, ең алдымен, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі қорғалмаса да, тым болмаса үкіметтің қолдауын сезінуі керек", - деді спикер.

Дәленов бұл мәселені бақылауға алатынына сендірді.

Нығматулин үкіметтен мәжіліске келген депутатты мақтады

143
Кілт сөздер:
Руслан Дәленов, Мәжіліс, Нұрлан Нығматулин
Загрузка...