Дүкен

"Жәрдемақы өскенде, азық-түлік қымбаттай ма?" - сенатор бағаны реттеу мәселесін көтерді

556
Еңбек министрі азық-түлік бағасын реттеу тиісті министрліктердің бақылауында екенін айтты

АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров атаулы әлеуметтік көмек мөлшері ұлғайған кезде, азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін қандай шаралар қолға алынатынын сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

арақ
© Sputnik / Алексей Куденко

"Біздің елде жалақы көтерілсе, зейнетақы өссе, азық-түлік, сосын халыққа ең қажетті тұтыну заттарының барлығы қымбаттай бастайтынын білесіздер. Бұл қалыптасқан жағдай... Бағаның тұрақтылығы әлеуметтік қорғау жағына да жақсы ғой. Сол бойынша тиісті министрліктер бағаны реттеу шараларын қарастырылды ма?", - деп сұрады Бекназаров еңбек министрінен сенатта өткен үкімет сағатында.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мұндай проблема барын жоққа шығармады.

"Өкінішке қарай мұндай құбылыс бар. Мұның бәрі екі ортада жүрген алыпсатарлар мен саудагерлердің әрекеті. Жақында ғана үкімет басшысы тиісті министрліктерге тапсырма берді. Басқаның бәрін қойғанда, Өзбекстаннан келетін көкөніс Астана мен Алматының базарында екі есе қымбатқа сатылады", - деді министр.

Ол арнайы жұмыс тобы құрылғанын, олар жергілікті билікпен жұмыс істейтінін атап өтті. 

"Алыпсатарды құртпай, еш уақытта бағаны реттей алмаймыз", - деді Сапарбаев.

556
Кілт сөздер:
баға, жәрдемақы, сенат депутаттары, қымбаттау, азық-түлік
Проценттің белгісі, архивтегі фото

Шағын және орта бизнеске 160 миллиард теңге жеңілдетілген кредит берілді  

53
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін 1 116 шағын және орта бизнес нысаны кредит алған

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Шағын және орта бизнес өкілдеріне 160 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген кредит берілді, деп хабарлады "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ баспасөз қызметі.

Шағын және орта бизнесті 12 айға дейін жылдық 8% аспайтын мөлшерде жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы басталған сәттен бастап банктер арқылы 1 116 шағын және орта бизнес нысаны кредит алған. Қарыз алушылардың арасында көтерме және бөлшек сауда, өндіріс және құрылыс саласы өкілдерінің үлесі басым.

Оқи отырыңыз: Тоқаев кредит процентін алып тастауды сұрайтындарға жауап берді

Естеріңізге сала кетейік, жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус пандемиясының ел экономикасына тигізетін жағымсыз салдарын жоюға байланысты тапсырмасы аясында қолға алынған болатын.

Шағын және орта бизнесті, төтенше жағдайдан зардап шеккен жеке кәсіпкерлерді қолдау үшін Қазақстаның Ұлттық банкі 600 миллиард теңге бөлді.  

Бағдарламаны Қазақстанның орнықтылық қоры Қазақстан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және елдегі ірі 12 банкпен бірлесіп жүзеге асырып отыр.

53
Кілт сөздер:
кредит, шағын және орта бизнес
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
3 проценттік қолжетімді кредит: президент жаңа қор құруды ұсынды
Қазақстанда банк салымшыларына қауіп жоқ – Тоқаев
Мемлекет басшысы кредит алғандарға қатысты тағы бір тапсырма берді
Жеке кәсіпкерлерге 6 проценттік кредит беріледі – министр
Газ құю станциясы, архивтегі фото

Қазақстанда газдың көтерме бағасы бекітілді

119
Энергетика министрлігі басшысының бұйрығымен бекітілген баға 2021 жылдың 30 маусымына дейін өзекті болады

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстанда ішкі нарықта тауар газын көтерме сатудың шекті бағасы бекітілді.

18 мамырда Қазақстанның энергетика министрі Нұрлан Ноғаев тиісті бұйрыққа қол қойды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын көтеруге тыйым салынады 

"2020 жылдың 1 шілдесінен 2021 жылдың 30 маусымына дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауар газын көтерме сатудың шекті бағасы бекітілсін. Энергетика министрлігінің газ және мұнай химиясы департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін",- делінген Энергетика министрлігі басшысының бұйрығында.

Қазақстанның өңірлеріндегі газ бағасы

Қазақстанда 1000 текше метр газдың шекті бағасы қосымша құн салығынсыз 5 574 – 24 537 теңге аралығында құбылады. Атап айтсақ, Ақтөбе облысында 5 574 теңге (12,6 доллар), Алматыда 19 405 теңге (44 доллар), Шымкентте 20 819 теңге (47,3 доллар), Нұр-Сұлтан мен Қарағанды ​​облысында 24 537 теңге (55,7 доллар) болады.   

119
Кілт сөздер:
баға, газ
Тақырып бойынша
Қазақстанда азық-түліктің шекті бағасы белгіленді
Досаев ет пен нан қымбаттауы мүмкін екенін ескертті
Министрлік азық-түлік бағасын төмендетудің жаңа әдісін ойлап тапты
"Бұған жол бермейміз": министр Сұлтанов кәсіпкерлерге ескерту жасады
Премьер-министр азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеуді тапсырды  
Сағадат Нұрмағамбетов

Нұр-Сұлтанда Қазақстанның бірінші қорғаныс министрі Нұрмағамбетовті еске алды

0
Еске алу рәсімі дүйсенбі, 25 мамыр күні астанадағы "Жас ұлан" республикалық әскери мектебінде өтті

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Әскери қызметшілер Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алды.

"Бүгінгі күні қарулы күштердің әскери қызметшілері мен республикалық әскери мектеп тәрбиеленушілері – болашақ Отан қорғаушылар үшін Сағадат Нұрмағамбетовтің өмір жолы отанға деген батылдық пен төзімділіктің үлгісі болып табылады. Біз ұлы батырлардың мұрагерлері олардың даңқты дәстүрлерін сақтап, әрі қарай жалғастырамыз деген сенімдемін", – деді орғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаев.

 

В Нур-Султане почтили память Сагадата Нурмагамбетова
© Photo : Минобороны Казахстана
Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов 2013 жылы 89 жасында өмірден озды

 

Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы 25 мамырда Ақмола облысы Алексеевка ауданы Еңбек ауылында дүниеге келген. Ол алғашқы Түркістан пулемет әскери училищесін, М.Фрунзе атындағы әскери академияны, КСРО қарулы күштері бас штабының әскери академиясы жанындағы жоғары академиялық курстарды бітірген.

1942 жылы әскер қатарына шақырылды, 1945 жылдың мамыр айына дейін соғыс даласында пулемет взводы командирі ретінде, содан кейін пулемет ротасын, атқыштар батальонын  басқарды. Краснодар өлкесін, Украина, Молдавияны, Батыс Белоруссияны, Польшаны азат етуге қатысқан.

1945-1946 жылдары Степной әскери округінің жоғары оқу орындары бөлімінің инспекторы болды. Содан кейін әскери академияда оқыды. 1950 жылдан 1984 жылға дейін Түркістан әскери округі жедел бөлімінің аға офицері, мотоатқыштар полкінің командирі, 201-ші мотоатқыштар дивизиясы штабының бастығы, Қазақ КСР азаматтық қорғаныс штабының бастығы, Орта Азия әскери округі әскерлері қолбасшысының орынбасары, Оңтүстік әскер тобы (Венгрия) қолбасшысының бірінші орынбасары болды.

1990-1992 жылдары соғыс, еңбек және Қарулы Күштер ардагерлері Қазақ республикалық кеңесінің төрағасы, ардагерлер, мүгедектер және әскери қызметшілер істері жөніндегі ҚР жоғарғы кеңесі комитетінің төрағасы, Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы болды.

Тағы оқыңыз: Сағадат Нұрмағамбетовтің ұлы қайтыс болды

Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштері құрыла бастаған жылдары, 1992-1995 жылдар аралығында Сағадат Нұрмағамбетов қорғаныс министрі болды. Дәл осы уақытта Қазақстан армиясында маңызды реформалар қабылданған, маңызды кез болды. 1993 жылдың мамыр айында оған "армия генералы" әскери атағы берілді. Бір жылдан кейін президент жарлығымен Нұрмағамбетовке "Алтын жұлдыз" сыйлығымен Халық Қаһарманы атағы берілді.

1995 жылдың қарашасында генерал отставкаға шықты, содан кейін президент кеңесшісі болып, бірнеше рет Жоғарғы кеңестің депутаты болып сайланды.

Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов 2013 жылы 89 жасында өмірден озды.

0
Кілт сөздер:
Сағадат Нұрмағамбетов, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
21 жасында Кеңес одағының батыры: Сағадат Нұрмағамбетов туралы не білеміз?
Назарбаев тәуелсіздік алған кезде әскер басқаратын жалғыз генерал тапқанын еске алды
"Не екенін де білмедік" Мұхтар Алтынбаев Қазақстан армиясының қалай құрылғанын еске алды
"Оның оралмайтынын білмедік". Депутат қазақ сарбазының ерлігін еске алды
Әйелінің хаты оқтан құтқарды - әнші атасының майдандағы оқиғасын еске алды